1. Айт намазы – екі рәкағат. Жамағатпен жария түрде оқылады. Азан мен
👁 125 мың · ❤ 8,2 мың · 💬 167
1. Айт намазы – екі рәкағат. Жамағатпен жария түрде оқылады. Азан мен қамат оқылмайды. Имам мысалға, «Екі рәкағат Рамазан айт намазына ниет еттім» деп ниет етеді. Жамағат «Екі рәкағат айт намазына ниет еттім, ұйыдым имамға» деп ниет етеді. «Аллаһу әкбар» деп, ифтитах (ашу, бастау) тәкбірі алынады. 2. Қолдар байланып, имам мен жамағат бірге құпиялай «Субханака Аллаһумма» дұғасын оқиды. Одан кейін имам – жариялай, жамағат – құпиялай «Аллаһу әкбар» деп, үш рет тәкбір алады. 3. Әрбір тәкбірді айтқанда қолдар жоғары көтеріліп, екі жанына түсіріледі. Әрбір тәкбірдің арасында үш тәсбих айтылатындай сәт тұрады. Үшінші тәкбірден кейін қолдар байланып, имам «Әузу» мен «Бисмиллаһты» құпиялай, одан кейін «Фатиха» мен қосымша сүрені жариялай оқиды. Осыдан кейін жариялай «Аллаһу әкбар» деп рукуғ пен сәждеге барады. Жамағат та құпиялай тәкбір алып, имамға ұйиды. 4. Содан кейін екінші рәкағатқа бастайды. Имам құпиялай – Бисмиллаһ, жариялай – «Фатиха», содан кейін қосымша сүре оқиды. Міне, осыдан кейін осы жерде алғашқы рәкағаттағыдай үш рет тәкбір алады. Бұдан кейін имам – жариялай, жамағат – құпиялай «Аллаһу әкбар» деп, рукуғ пен сәждеге барады. 5. Одан кейін отырып, «әт-тахият», «салауат», «раббана» дұ�