Адам негізі таңертең ұйқыдан оянасыз сіз қарасаңыз көзіңіз сау аман есен оянғансыз

👁 9,8 мың · ❤ 457 · 💬 2

Барлық мақтау мен мадақ бүкіл әлемнің Раббысы Аллаға ғана лайық. Алланың ардақты Елшісі, адамзаттың ардақтысы Мұхаммедке Оның отбасы мен сахабаларына салауат-сәлемдер болсын. Алла Тағала адам баласын басқа барша жаратылыстан ерекешелендіріп, ақыл мен сана беріп, бойын тіктеп, көркем түрде жаратты. Айта берсе сөз жетпейтін көптеген артықшылықтар берді. Оның бәрін шариғат тілінде «нығмет» деп атайды. Сол нығметтердің бірі денсаулық. Адам баласы барында бағалай алмай, айырылып қалса таба алмайтын баға жетпес байлық та сол тәннің саулығы. Пайғамбарымыз ﷺ бір хадисінде: عَنْ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: نِعْمَتَانِ مَغْبُونٌ فِيهِمَا كَثِيرٌ مِنَ النَّاسِ: الصِّحَّةُ وَالْفَرَاغُ Абдулла ибн Аббас, Пайғамбардың ﷺ былай деп айтқанын жеткізеді: «Адамдардың көбі қадіріне жете бермейтін екі нығмет бар, ол – денсаулық және бос уақыт». Сондықтан да әрбір адам денсаулығы үшін Аллаға сансыз шүкір айтып, денсаулығының барында мүмкіншілікті пайдаланып, Аллаға құлшылық, адамдарға қызмет етуге талпынуы қажет. Жастық шақ және он екі мүше саулығы уақытша ғана берілген мүмкіншілік. Өмірдің басы бала, ортасы адам, Қартайып шал болған соң кетті шамаң. Мақтап жүрген өмірің осы болса, Үш ақ ауыз сөзбенен болды тәмам - деп Шәкәрім атамыз адамның үш кезеңін суреттей келе, жастық шақ адамның кемелденіп, денсаулығының мықты болатын уақыты екенін жырлаған. Абыз ақсақал Әсет биге айтқан өсиетінде, әрбір нығметтің қадірін жанымызға батқанда ғана түсінетінімізді ескертіп; «Аяқ-қолдың қадірін ақсағанда білерсің. Отыз тістің қадірін қақсағанда білерсің. Қызыл тілдің қадірін тоқтағанда білерсің» деген екен. Адам баласына Алладан берілген баға жетпес нығметі денсаулықты бағалаудың және оны сақтаудың бір жолы, айнала қоршаған ортамыз бен дене мүшеміздің тазалығын сақтау және ішкен-жеген тамағымыздың да тазалығын қадағалау басты міндет.

Видео мәтіні

Адам негізі таңертең ұйқыдан оянасыз сіз қарасаңыз көзіңіз сау аман есен оянғансыз отбасыңыз аман есен денеңіз сау он екі мүшеңіз орнында бәрі соның бәріне аллаға шүкір ету мақсатында адам садақа беру керек дейді. Біз енді күнделікті садақа бере алмаймыз күнделікті сондай бір жасаған жақсылыңыңыз жасаған жақсылығыңыз біреуді жамандықтан тисаңыз ол сізге садақа болып саналады осыны кей кезде жасай алмай қалуымыз мүмкін бір күні тәсбих тарта алмай қаламыз бір күні бір жақсылық жасай алмай қаламыз бұндай жағдайда дейді. Осы дұха уақытында күн көтерілгеннен кейін оқылатын иәкі рәкат намаз біз осы иәкі рәкат намаз оқитын болсақ алла тағаланың сол күнгі берген біздің ниғыметіне бүкіл берген жақсылығына шүкір еткен боламыз алла тағала қасиетті құран кәрімнен дейді. Егер сендер шүкір ететін болсаңдар мен бере беремін дейді. Үстіне, демек, бізге келіп жатқан кез келген жақсылық егер.

Автор: Жүсіп Шұғай