Аллаға әкпәр аллаға ахатпа осылай сәждеге барған кезде көпшіліктің ішіне намаз

👁 54 мың · ❤ 4,1 мың · 💬 57

Ханафи мазһабы ғұламасы имам Хаскафи (Алла оны рахмет етсін) өзінің «Дуррул мұхтар» кітабында намаздағы мәкруһ істерді санап, былай деген: «Намазхан адамның (бас киім киюге) ерініп, жалаңбас хәлде намаз оқуы – мәкруһ. Егер өзін бишара тұтып осылай істесе, оқасы жоқ. Егер бас киімі (намаз оқып жатқан кезде) түсіп кетсе, оны алып киюі – абзал. Бірақ оны қайта орауды немесе көп әрекет етуді қажет етсе, олай істемейді» (Хашияту Ибн Абидин, 1/691). Әйел кісілерде намаз барысында бір жері ашылып қалса’ аз әрекетпен дұрыстап алуға рұқсат. Ханафи мәзһабында жалаңбас намаз оқуға қатысты бірнеше үкім айтылған: 1. Лажсыз жағдайда жалаңбас намаз оқуға рұқсат етіледі. Мәкруһ саналмайды. 2. Жалқаулық себеппен жалаңбас намаз оқу – мәкруһ-танзиһи. Сол себепті сауабы азаяды. 3. Жалаңбас намаз оқуды сүннет деп, анық-қанығына жетпей оны әдет етіп алу – мәкруһ-тахрими. 4. Жалаңбас намаз оқуды сүннет санап, солай таңдау жасау – бидғат. 5. Жалаңбас намаз оқуды абзал әрі сүннет деп білу, сондай-ақ бас киім киюді жексұрындық санау – күпірлік. (Фатху баб әл-ғиная, 1/447, Фәтауаи Һиндия, 1/165, Им дад әлфаттах, 365) Түйіндеп айтқанда, тақия секілді бас киіммен намаз оқу – әдеп, намазға құрмет саналады. Сон дықтан намазды барынша бас киім мен оқыған дұрыс.

Видео мәтіні

Аллаға әкпәр аллаға ахатпа осылай сәждеге барған кезде көпшіліктің ішіне намаз оқыған кезде алдымыздағы адам қағып кетуі мүмкін, не болмаса басымызға дұрыс кимегендіктен тақиямыз сәж жасаған кезде түсіп қалса басымыздан ондай жағдайда бір қолымызбен алып көп әрекет жасамай басымызға қайтадан киіп алуымызға рға жалаңбас оқығаннан қарағанда сауабы көбірек екен алла тағала құзушылықтарымызды қабыл қылсын.

Автор: Жүсіп Шұғай