Аллаһу әкбар ләйә илә аллаху аллағу әкбар уәлилә иләмді арафа күні таңнамазынан

👁 356 мың · ❤ 15 мың · 💬 151

Шариғат бойынша, ташриқ күндері әр парыз намаздың артынан бір рет тәкбір ташриқ айту – уәжіп.Тәкбірді имамның артынан ұйыған адамдар да айтады. Әйел кісілер тәкбір айтқанда дауыстарын қатты көтермейді. Тәкбірді бір реттен артық айтса да болады. Бұрынғы қаза намаздарды оқығанда немесе ташриқ күндері қаза етіп, оны сосын өтегенде тәкбір ташриқ айтылмайды. Ташриқ күндері – бес күн. Олар: арапа күні, үш айт күндері және одан кейінгі бір күн. Ол биыл 5,6,7,8,9 маусымға сәйкес келеді. Демек, 5 маусым күні таң намазының екі ракағат парызын оқып, екі жаққа сәлем бергеннен кейін тәкбір айтуды бастаймыз. Ташриқ күндері жалпы 23 намазда тәкбір айтылады. Тәкбір ташриқ сөздері: Аллаһу акбар, Аллаһу акбар! Лә илааһа иллаллаһу, уаллаһу акбар! Аллаһу акбар, уә лиллаһил хамд! Тәкбір ташриқтың оқиғасы былай: «Ибраһим пайғамбар ұлы Исмаилды құрбан ету үшін алқымына пышақ тартқанда пышақ өтпеді. Сонда Алла Тағала Жәбірейіл періштеге підияға қой алып келуге бұйырды. Жәбірейіл періште Ибраһим пайғамбар ұлы Исмаилды бауыздап қоюынан қорқып, «Аллаһу акбар, Аллаһу акбар» деп тәкбір айтты. Ибраһим пайғамбар бұны естіп, «Лә илааһа иллаллаһу, уаллаһу акбар» деді. Ұлы Исмаил орнына құрбандық берілгенін біліп, «Аллаһу акбар, уә лиллаһил хамд» деп шүкір етті»[3].

Видео мәтіні

Аллаһу әкбар ләйә илә аллаху аллағу әкбар уәлилә иләмді арафа күні таңнамазынан бастап айттың төртінші күні екінті намазына дейін. Яғни, маусым айының бесі күні таңнамазынан бастап маусым айының тоғызы күні екінті намазына дейін әр парыз намаздан соң тәшірек тәкпірін бір рет айту уәжіп егер үш рет айтса абзал болады ташрик тәкпірін ер адамдар дауыстап айтады ал әйел кісілер өзі еститіндей дәрежеде ішінен айтады екен. Сондықтан, осы күндері әр парыз намаздан соң тәшірік тәкпірін айтуды ұмытпаңыздар.

Автор: Жүсіп Шұғай