Алламен адамның арасындағы қарым қатынас ол тақуалық ол тақуалықпен өлшенеді алланың

👁 5,4 мың · ❤ 211 · 💬 6

Тақуалық сөзі «уиқая» түбірінен шығып, сақтану, қорқу деген мағыналарды білдіреді. Дінімізде «тақуалық» сөзі арнайы «Алладан қорқу» деген мағынада қолданылады. Құдайдан қорқатын адамды «тақуа» деп атаймыз. Ғалымдардың айтуынша араб тілінде «тақуалық» ұғымы Алладан басқа табынатын пұттар секілді нәрсе үшін қолданылмайды екен. Яғни, «Пәленше өзінің пұтынан тақуалық етіп қорқады» деп айтылмайды. Алла Тағала Құран Кәрімде: “يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ حَقَّ تُقَاتِهِ وَلَا تَمُوتُنَّ إِلَّا وَأَنتُم مُّسْلِمُونَ”. «Ей иман келтіргендер, Алладан лайықты түрде қорқыңдар әрі тек мұсылман күйлеріңде ғана жан тәслім етіңдер» – деп өзінің құлдарын тақуалыққа бұйырады. Адам баласы жұмаққа көбіне тақуалығы мен көркем мінезі үшін кіреді. عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ قَالَ سُئِلَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عَنْ أَكْثَرِ مَا يُدْخِلُ النَّاسَ الْجَنَّةَ فَقَالَ: “تَقْوَى اللَّهِ وَحُسْنُ الْخُلُقِ”. Сахаба Әбу Һурайра (р.а.) айтады: Бір күні Алланың елшісіне (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) адамдардың жәннатқа кірулеріне көбіне не нәрсенің себепші болады? – деген сұрақ қойылғанда Ол: «Алладан қорқу және көркем мінез», – деп жауап берді.

Видео мәтіні

Алламен адамның арасындағы қарым қатынас ол тақуалық ол тақуалықпен өлшенеді алланың харам қылған нәрселерінен тыйылатын болсаңыз әмірлерін орындайтын болсаңыз сіз алламен қарым қатынасыңыз дұрыс деген сөз. Ал енді адамның өзімен өзінің қарым қатынасы сіз өзіңіз бар нәпсіңізге өзіңізге қалай қарым қатынаста боласыз пайғамбарымыз хадисында айтады сіз бір қандай да бір жамандық жасап қойсаңыз соның артынан күнә жасап қойдыңыз артынан не істеу керексіз. Міндетті түрде тәубе ету керексіз. Сол тәубені істейді сіздің жасаған күнәларыңызды өшіріп кетеді бұл сіздің өзіңізге жасаған жақсылығыңыз. Ал енді адамдарға қарым қатынаста қалай болу керек пайғамбарымыз хадисов айтады адамдармен араласқан кезде жақсы мінез құлықта болыңдар дейді. Жақсы мінезбен ғана біз адамдарға не істей аламыз сый алады екенбіз. Жақсы мінезбен ғана аламдардың арасында құрметті боламыз адамдарға қатынаста бізде талап ететін нәрсе осы.

Автор: Жүсіп Шұғай