Әрбір күн таңертең былай қызарып атқан кезде адам баласына ескерту жасайды екен

👁 6,7 мың · ❤ 289 · 💬 6

Алланың адамзат баласына берген құнды нығметтерінің бірі әрі бірегейі – уақыт. Жара болса жазылады, мал жоғалса табылады. Алайда өткен уақыттың қайтып келмейтіні ақиқат. Демек орны толмас осы бір нығметті тиімді қолданып, бос өткізбес үшін, әр күнімізді жүйелі әрі жоспарлы өткізуіміз керек-ақ. Осы ретте әрбір істе бізге өнеге болатын, тек өзінің ғана емес, мойнына үмбетінің жүгін арқалаған Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сә­лемі болсын) өз күнін қалай өткізгендігіне шолу жасауды жөн көрдік. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір-тіршілігіне қарайтын болсақ, әрбір күнін Раббысы мен үмбетінің ақысын, отбасы мен өзінің ақысын әділ сақтай отырып, жүйелей білгенін байқаймыз. Ардақты елші (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) уақытының көп бөлігін, үмбетінің шаруалары мен діннің жұмыстарына арнайтын. Тіпті үйінде де мұсылмандардың шаруаларымен шұғылданып, мәселелерін шешетін. Оларға дін үйретіп, қажеттілігін өтейтін. Десе де отбасының қызметін де ұмытпайтын. Отбасы мүшелеріне міндетті түрде көңіл бөліп, қызметінде болатын. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әр таңын таң намазымен бастайтын. Ұйқыдан өзі оянатын. Өзгенің оятуына мұқтаж болмайтын. Ұйқыдан тұрған соң тісін тазалап, ғұсыл-дәретін алғаннан кейін кейде таң намазының 2 рәкағат намазын үйінде оқитын. Әйелдері ояу болса, олармен әңгіме қылып, көңілін аулайтын. Кейде таң намазының 2 рәкағат сүннетін мешітте оқитын. Ал парызын міндетті түрде мешітте жамағатпен оқитын. Таң намазында имамдық етіп тұрғанда әрбір рәкағатта 60-100 аят көлемінде Құран аятын оқитын.

Видео мәтіні

Әрбір күн таңертең былай қызарып атқан кезде адам баласына ескерту жасайды екен ей адам баласы мен жаңа күнмін жаңадан атып келе жатқан күнмін адам баласы ертең осы күні сен не істедің мен саған куәгер болам ертең алланың алдымдықпен емес егер мен батып кететін болсам қияметке дейін қайтадан айналып келмеймін деп айтады екен өйткені ертеңгі күн басқа күн ол әргі күн басқа күн атып жатқан бізге ол күнделікті бір күн атып кеш батып жатқан сияқты болады, бірақ жаңа күн жаңа уақыт өтіп жатыр кешегі күн болмайды ертең қайтадан келмейді болды тура сондай бүгін айтады екен.

Автор: Жүсіп Шұғай