Ашура күні ораза ұстау
👁 132 мың · ❤ 7,5 мың · 💬 296
Ашура күні ұсталған оразаның сауабы жөнінде Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): صِيَامُ يَوْمِ عَاشُورَاءَ أَحْتَسِبُ عَلَى اللَّهِ أَنْ يُكَفِّرَ السَّنَةَ الَّتِي قَبْلَهُ «Ашура күні ораза ұстау арқылы Алла Тағала өткен жылдағы (кіші) күнәларды кешіруін үміт етемін», – деген (имам Муслим).
Видео мәтіні
Жиырма бесінші маусым ислам дініндегі қасиетті күндердің бірі ашура күні пайғамбарымыз хадисінде кімде кім ашура күні ораза ұстайтын болса алла тағала ол кісінің өткен бір жылдық кішкентай күнәларын кешіреді деп үміт етемін деген. Сондықтан, ашура күні ораза ұстау алдын ақ алдына, не болмаса соңына бір күн қосып ұстау мұстақап. Яғни, абзал амал деп келеді. Сондықтан, мүмкіндік болатын болса қосып ұстағанымыз дұрыс, демек, осы жылы ашуара оразасын ұстауға ниет еткен жандар жиырма төртінші жиырма бесінші маусым күндері, не болмаса жиырма бесінші жиырма алтыншы маусым күндері ұстағаны дұрыс енді жиырма алтыншы маусым күні жұма болса да ұстай беруге болады рамазан айынан қалып кеткен мойнында қарызы бар қарыз оразасы бар адамдар да осы ашура оразасын ұстауға рұқсат бұл жерде маңызды болған мәселе біз екі оразаға бірден ниет ете алмаймыз иә осы ашура нәфіл болған ашура оразасын ұстауымен ұстайды. Ал енді уақытына келетін болсақ әр елді мекен әр аймақта таң намазының уақыты кірмей тұрып біз аузымызды бекітеміз ақшам намазының уақыты кірген кезде аузымызды ашамыз дұғасы мәселесіне келетін болсақ алла тағала осы өзің берген күш қуатпен мен ораза ұстап отырмын қателік кемшілік күнәларымыз болса кешір деп осылай кез келген дұғаны жасап біз ниет етіп аузымызды бекітеміз ауызашар кезде де кез келген өзіміздің құдайдан сұрап жүрген қандай да бар дұға тілектеріміз болса соны жасап аузымызды аша беруімізге болады қазақ еліне құтты да берекелі болсын алла тағала ұстаған оразаларымызды қабыл қоссын.