Берекелі Ақжал – руханият пен ұлттық дәстүр тоғысқан мекен!

👁 7,9 мың · ❤ 170 · 💬 3

Берекелі Ақжал – руханият пен ұлттық дәстүр тоғысқан мекен! Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал кенті тағы да өз бірлігі мен берекесін айқын көрсетті. Еңбекпен өркендеп келе жатқан бұл өңірде бүгін ерекше рухани әрі ұлттық мәні зор шара өтті. ⠀ Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) сүннет еткен садақ ату – мұсылман баласын мергендікке, төзімділікке және сабырға тәрбиелейтін салауатты өнер. Бүгінгі облыс деңгейінде өткен садақ ату жарысы сол сүннетті жаңғыртып, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. ⠀ Көрікті мешіті, білікті имам ұстаздары бар бұл өңірдің азаматтарыда берекелі екендігі көрініп тұр. Әр өңірде өз жағдайына қарай садақ ату немесе басқалай ұлттық спорттар насихатталса, жастарымызға үлгі болар еді . Ақжал – тек кен байлығы емес, рухани байлықтың да ордасы. Мұнда имандылық, ұлттық тәрбие мен еңбекқорлық қатар өркендеп келеді. ⠀ Берекелі Ақжалдың бүгінгі шарасы – ел болашағына үлгі!

Автор: Жүсіп Шұғай