Бір адамның материалдық жағдайы жеткілікті болса, бірақ дәл сол құрбан айт күндері

👁 21 мың · ❤ 968 · 💬 24

Егер бір адамға құрбандық шалу уәжіп болса, алайда қолында ақшасы болмаса, қарыз алуы міндетті. Ал егер оған құрбан шалу уәжіп болмаса, өзі мұқтаж адам болса, оған құрбандық шалу үшін қарыз алу дұрыс емес[1]. Өйткені Алла Тағала пенделеріне шамасы келмейтін нәрсені жүктемейді. Ол туралы Алла Тағала Құранда былай дейді: لَا يُكَلِّفُ اللهُ نَفْسًا إِلَّا وُسْعَهَا «Алла ешбір жанға күші жететінінен басқаны жүктемейді»[2]. «Құрбандық пәтуалары» кітабынан

Видео мәтіні

Бір адамның материалдық жағдайы жеткілікті болса, бірақ дәл сол құрбан айт күндері қалтасында қаражаты болмай қалса ол адамға жағдайы жеткілікті болғандықтан басқа біреуден қарыз алып болса да құрбан шалуға міндетті ал келесі бір адамның ешқандай мүлдем жағдайы жоқ былайша айтқан кезде сексен бес грамм алтынның құнындай қолында қаражаты жоқ адам бұл адамға шариғатымыз қарыз алып құрбан шалуды міндеттемейді екен. Алла тағала құлшылықтарымызды қабылғасын.

Автор: Жүсіп Шұғай