Бір кісі пайғамбарымыз саллаллахуға келіп сұрады дейді

👁 7,9 мың · ❤ 262 · 💬 7

Мінез – кез келген адамның айнасы. Мінез туа біте қалыптасқанымен оны түзеуге болады. Дана халқымыз «Мінезсіз адам – жеміссіз ағаш» дейді. Бабаларымыздың жайлы мінезі жайлы адамды «жайдары, ашық, ақкөңіл адам» деп айтқаны содан. Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан: «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден», – деп, мінездің елге қызмет етудегі маңызын ашып айтқан. Яғни халыққа жайлы, әділетсіздікке қатал мінез болғанда ғана халыққа қызмет етуге болады деген сөз. Адам өзінің жағымсыз қылықтарын түзеп, жақсы мінезі арқылы ортасын қалыптастырады. Хәкім Абай: «Мен егер закон қуаты бар кісі болсам адам мінезін түзеп болмайды деген адамның тілін кесер едім» деп өзінің қара сөзінде бекер айтқан жоқ. Көркем мінезге жетудің бір жолы – адамның өз-өзін тәрбиелеп, мінезді дұрыстауы. Бір ғана мысал, Абайдың заманында Алдоңғар деген баукеспе ұры болыпты. Бір күні Абай: «Әй, Алдоңғар, сенен бір нәрсе сұрайын, бересің бе?» – депті. Өзі бай, өзі сыйлы, ұлық адам, Құнанбайдың баласы сұрап тұрғасын: «Абай аға, сіз сұраған нәрсе менде болса беремін ғой. Бірақ мен сізге не бере аламын?» – деп қатты қиналыпты. Сонда Абай: «Сен маған ұрлығыңды бер», – депті. Көп ұзамай Абай Алдоңғарды қасына көшіріп, ұрлығын тиып, тәрбиелеп, ел қатарына қосқан екен. Демек кемелдікке ұмтылудың бір қыры адам мінезін жөндеу десек, артық айтқандық емес. Мінез жаратылыс болғанымен, тәрбиенің ықпалымен жөндеуге болатынын Абай атамыз «Күллі мақұлық өзгерер, Алла өзгермес» деп барлық жаратылысты өзгертуге болатынын бекер айтпаса керек. Дана ойшыл атамыз осылай деген болатын. Ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы да мінез жайлы баяндай келе: «Аспанда ұшып жүрген құс пен даланың тарпаң жылқысын қолға үйрету арқылы адамзат баласы қанша табысқа жетті. Осындай дала тағылары тәрбиеге көнгенде, адамның мінезі неге өзгермейді?» деп түйіндейді. Демек адамның мінезін өзгертуге немесе жақсы дағдыларға бейімдеуге болады. Мәшһүр Жүсіп атамыз: «Ғылымның әуелгі мақсаты – Алланы тану. Одан кейін – пайдалы білім алу. Егер оқыған біліміңіз мінезіңізді түзетпесе, онда ол пайдасыз білім болғаны» деген.

Видео мәтіні

Бір кісі пайғамбарымыз саллаллахуға келіп сұрады дейді. Әне алла тағала жақсы көретін алла сүйетін қандай амал бар деген кезде пайғамбарымыз саллахуға былай деп айтқан екен алла тағала ең жақсы көретін адам ол адамдарға ең қайырлы болған адамдарға пайдасы тиетін адам дейді. Яғни, айналаңыздағы адамдарға үнемі пайдаңыз тиіп жүреді сіздің алла тағалаға және ең сүйікті амал ол адамдардың жүрегіне кіргізген сіздің қуанышыңыз деді біреудің жүрегіне сіз қуаныш жылулық сыйлай білетін болсаңыз. Қазіргі таңда жүректер қатып кеткен бір біріне қайырымдылық жасамайтын бір біріне жүрегі жібімейтін осындай бір заманда сіз кез келген бір адамды қуанта білетін болсаңыз ол деген сіз үшін үлкен бір ғибадат адамдардың сіз үшін бір адам риза болған кезде көмек қолыңызды создыңыз қандай да бір пайдаңыз тиді сол шын жүрекпен сізге дұға жасайтын болса. Міне бұл үлкен қабыл болатын дұғалардың бірі.

Автор: Жүсіп Шұғай