Бисмиллә» – сөзі бір істі Алла Тағаланың көркем есім-сипаттарын зікір ете отырып

👁 50 мың · ❤ 2,2 мың · 💬 32

«Бисмиллә» – сөзі бір істі Алла Тағаланың көркем есім-сипаттарын зікір ете отырып бастауды білдіреді. Араб тіліндегі «إسم» сөзі «سمو» сөзінен шығып, жоғары және мәртебелі деген сынды мағыналарды береді. Бұл сөздің көпше түрі «أسماء» (есімдер) деген сөз. Яғни, «بسم الله الرحمن الرحيم» сөзіндегі «بسم الله» (Алланың есімімен) деп бірлік түрінде келсе, Құран аяттары мен хадис шәрифтерде негізінен көпше түрдегі «أسماء» сөзі көп қолданылады. Ал енді, «بسم الله» дағы Алла сөзі болса, Алла Тағаланың барлық кемел сипаттары мен көркем есімдерінің мән-мағынасын қамтитын жиынтығы. Бұл турасында имам Құртуби: Алла – сөзі ғана Алланың ең ұлық есімі. Ол, қалған көркем есімдерінің мағынасын қамтыған жеке-дара есімі дейді. «بسم الله الرحمن الرحيم» сөзіндегі «Рамхман» және «Рахим» ерекше мейірімдік мағынасында болып, «Рахман» сөзі «Рахим» сөзіне қарағанда мағынасы ауқымды екені айтылады. Әбу Сағид әл-Худрий және Ибн Масғуд жеткізген бір риуаятта Алла елшісі: «Рахман – дүние-ақыреттің Рахманы, Рахим – ақыреттің ғана Рахимы»деген. Кейбір тәпсірші ғалымдардың көзқарасы бойынша, кейде «Рахман» сөзі «Раззақ» яғни, рызық беруші мағынасын да білдіреді. Яғни, Алла Тағала дүниеде әрбір тіршілік иесіне ісіндегі ықыласына сай рызықтандырады. Мүмін немесе кәпір деп алаламайды. Мысалы: кәпірдің жүрегі күпірлікке толы болғанымен, оның ісіне деген ықыласы мен оған жұмсаған қажыр-қайратының қарымжысы ретінде сыйын алады. Ал өз ісіне салғырт қараған мұсылман жүрегі иманға толы болса да, ісі оңға баспайды. Себебі, жалқаулық – Аллаға ұнамайтын жағымсыз сипат. Қазіргі таңда мұсылмандардың артта қалып, кәпірлердің өркендеуі осының белгісі.

Автор: Жүсіп Шұғай