Бисмиллахи әруахим тәбағат әләғи биәдейіл мүлку әғуә әләкулдей шәйім құдай әләғи

👁 30 мың · ❤ 2 мың · 💬 37

Имам Бұхаридың хадистер жинағында Мұса пайғамбар өмірден өтер кезінде: «Алладан өзін қасиетті жерге жақындатуын сұрады», – деген хадис келеді. ⠀ Осы хадиске түсіндірме жасаған хадис ғалымы Ибн Баттал былай дейді: «Мұса пайғамбардың қасиетті жерге жақындатуды сұрауының мәні – ол жерде жерленген пайғамбарлар мен салихтардың артықшылығы үшін. Сондықтан тірі кезінде олармен көрші болу қалай ұнамды болса, өмірден өткеннен кейін де олардың жанында болуды қалаған. Себебі ізгі адамдар қасиетті орындарды зиярат етіп, сол жердегілерге дұға жасайды». ⠀ Сондай-ақ Имам ән-Нәуәуи былай деген: «Бұл хадисте абзал жерлерде, берекелі мекендерде және салихтардың қабірлеріне жақын жерде жерленудің мұстахаб екендігі бар». ⠀ Қазақ даласында да көптеген билеріміз бен ұлыларымыз басқа аймақта өмірден өтсе де, Әзірет Сұлтан атанған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың кесенесінде жерленуді өсиет етуінің, сондай-ақ сол жерге жерленгендігінің сыры осыда болса керек. ⠀ Атап айтар болсақ, кесенеде 45 діни тұлға, 22 қазақ ханы, 8 сұлтан, 25 би, 72 батыр, 16 ұлы ана және басқа да игі жақсылардың бар екендігі айтылады. Жалпы қорымда 12 мың адамға жер бесік болған екен. ⠀ ⬇️⬇️⬇️⬇️

Видео мәтіні

Бисмиллахи әруахим тәбағат әләғи биәдейіл мүлку әғуә әләкулдей шәйім құдай әләғи әуләи уәһі әләуәу әйтәурә фиқал қиғу ахмәлимин тәфәғуд фәғуде айл басар әл тәғәрәмин футур.

Автор: Жүсіп Шұғай