Бүгін кеште яғни, ораза айының жиырма алтысынан жиырма жетісіне қараған түн бұл

👁 75 мың · ❤ 5,2 мың · 💬 131

бүгін кеште яғни ораза айының жиырма алтысынан жиырма жетісіне қараған түн бұл наурыз айының он алтысынан он жетісіне қараған түнге сәйкес келеді көптеген ғалымдардың пәтуасы бойынша қадір түні деп саналған бұл түнде барынша көбірек құлшылық жасау керекпіз алдымен ауызашар кезде

Видео мәтіні

Бүгін кеште яғни, ораза айының жиырма алтысынан жиырма жетісіне қараған түн бұл наурыз айының он алтысынан он жетісіне қараған түнге сәйкес келеді көптеген ғалымдардың пәтуасы бойынша қадір түні деп саналған бұл түнде барынша көбірек құлшылық жасау керекпіз. Алдымен ауызашар кезде жақсылап дұға жасайық одан кейін көптеген мешіттерде қариларымыз тарауық намазында құран кәрімді хатым жасап жатыр осы қадір түнінде сол қариларымыздың тарауық намазында жасаған құран хатымының тарауық намазынан кейін дұғасы жасалады қадір түнінде мешіттерге келіп осы дұғаға қатысқанымыз сауапты болады екен және. Сонымен бірге осы қадір түнінде тәспих намазын тәжүт намазын қажет намаздарымыз қажет намаздарын оқығанымыз жақсы бұл намаздардың қалай оқылатындығы жөнінде ақпарат біздің инстаграм парақшамызда бар әрине көбірек сауап алу үшін таң атқанға дейін отырғанымыз дұрыс егер ертесінде жұмыс болатын болса шаршап қалатындай жағдай болса белгілі дәрежеде құлшылық жасағаннан кейін демалуға да рұқсат екен. Сондықтан, осы қасиетті түнде өзіміз үшін еліміз үшін жалпы барша адамзат үшін көп дұға жасайық. Алла тағала құлшылықтарымызды қабыл қылсын.

Автор: Жүсіп Шұғай