Бүгін кеште яғни, жиырма алтыншы наурыздан жиырма жетінші наурызға қараған түні
👁 58 мың · ❤ 3,2 мың · 💬 109
Қалай өткізген дұрыс? Алланың ризашылығы үшін ғибадат жасап, намаз оқып, құлдық сезімдерімізді арттыру; Құран Кәрім оқылып, тыңдалып, түсінуге ынта қойып, Құран Кәрімге сүйіспеншілік пен байланыстар орнату; Пайғамбарымызға салауат айтып, оның шапағат етуінен үміттеніп, оның үмметінен болғанын саналы түрде сезініп, оның жолын берік ұстану; Уағыз-насихат тыңдап, сұхбаттар құрып, күнделікті күйбең тіршілік барысында жүрекке түскен кірбіңді жуып-шайып, көңілге ұялаған кір мен күмәннан арылу; Қадір түнінің маңызына байланысты және Қадір түніне қатысты жеткілікті мағұлмат беретін дін адамдарымен сұхбат құру. Әсіресе, адам өз-өзімен сұхбаттасып, қателіктерін танып, кемшіліктерін жоюға күш салуға, адамдармен достық қарым қатынасын күшейтуге, бірлік пен біртұтастықты арттыруға мән беруге тиіс. Тәубе айтып, кешірім сұрап, өз нәпсісін есептен өткізіп, қателік жасаудан сақтанып, қайырлы істерді жасауға құштар болу; Алланы зікір етіп, еске алумен жүрекке тыныштық ұялатуға барынша әрекет жасап, иманды күшейту; Жиі-жиі дұға жасау керек, өйткені дұға адамды Ұлы Жартушыға жақындататын дәнекер. Пайғамбарымыз бұл түні көбінесе мына дұғаны жасаған: "Аллаһым сен кешірімдісің, кешіруді сүйесің, мені кешіре гөр". Қадір түнінің күндізін де бейне кеш секілді өткізу; Қадір түнінің құрметіне бүкіл мұсылмандардың күнәларының кешірілуін тілеу. Қадір түнінің жақсылыққа мұрындық болуын, достық пен бауырмашылдықты арттырып, ислам әлемінің біртұтастығын және күллі адамзатты апаттардан сақта деп тілеу шарт; Шамасы жететін сомада садақа беріп, садақаның қабыл болуын сұрап дұға ету.
Видео мәтіні
Бүгін кеште яғни, жиырма алтыншы наурыздан жиырма жетінші наурызға қараған түні мың айданда қайырлы ислам дініндегі ең қасиетті түндердің бірі қадыр түні бұл түнін барынша құлшылықпен өткізгеніміз жөн бірінші ауызашарда жақсылап дұға жасау керекпіз. Одан кейін құтан түнде тәспиғ және тәжөт қажет намаздарын өтегеніміз дұрыс болады бұл түнде көп құран оқиық пайғамбарымызға көп салауат айтайық және өзіміздің күнәларымыздың кешірілуі үшін көп аллаға жалбарынып истиғфар айтқанымыз үшін таң атқанша ұйықтамаған абзал. Ал егер оған бір адамның мүмкіндігі болмаса өз еркіне қарата өзінің мүмкіндігі болғанша құлшылық жасап ары қарата демалуына рұқсат. Алла тағала құлшылықтарымызды қабылғаса.