Бүгінгі кеште яғни, екінші ақпаннан үшінші ақпанға қараған түні ислам дініміздегі

👁 129 мың · ❤ 7,2 мың · 💬 241

Бүгін кеште, яғни 2 ақпаннан 3 ақпанға қараған түні — Ислам дініндегі қасиетті түндердің бірі Барат түні. ⠀ Бұл түн жөнінде Пайғамбарымыз ﷺ былай деген: ⠀ «Шағбан айының жартысы толғанда түнін намазбен, күндізін ораза ұстаумен өткізіңдер. Өйткені Алла Тағала күн ұясына батқанда: “Кешірім тілеуші бар ма, кешірейін. Ризық сұраушы бар ма, ризық берейін. Ауру-сырқауға ұшыраған бар ма, шипасын берейін. Қане, не сұраушы бар?” — деп таң шапағы атқанға дейін рақымын төгеді», — деген. (Ибн Мәжа) ⠀ 📿 Бұл дұғаны оқу жөнінде ⠀ Бұл дұғаны оқу жөнінде Пайғамбарымыздан ﷺ хадистер келген: ⠀ А‘узу би-‘иқабика мин ‘иқабик, уа а‘узу би-ридака мин сахатика, уа а‘узу бика минка, лә ухси санаан ‘алейк, анта кәмә аснайта ‘алә нафсик. ⠀ Мағанасы: Сенің азабыңнан саған сыйынамын. Сенің разылығың арқылы ашуыңнан сыйынамын. Саған сыйынамын. Сен өзіңді ұлықтағандай ұлықтаймын. ⠀ (имам Ахмад, Ибн Мәжа) ⠀ 🌙 Бұл түнде жасалатын амалдар 1. Құптан мен таң намазын жамағат болып оқу. 2. Құлшылық етуге шамасы келмесе, жоқ дегенде күнә істерден арылу. 3. Тәубе ету және күнәлары үшін кешірім тілеуге көңіл бөлу. 4. Өзі және мұсылман үмметі үшін қайырлы дұғалар жасау. 5. Шамасына қарай зікір айту, қаза намаздарын, нәпіл намаз оқу, Құран оқу. 6. Мүмкіндік болса, Шағбан айының он бесінші күні ораза тұту. ⠀ 👩‍🦱 Хайызы келген әйел не істей алады? ⠀ Хайызы келген әйел аталмыш қасиетті түні құбылаға қарап отырып мына құлшылық түрлерін орындай алады: 1. Таспихат тарту (жүз реттен – субханаллаһ, әлхамдулиллаһ, Аллаһу акбар, лә иләһа иллаллаһ) 2. Жетпіс мәрте истиғфар айту (бір риуаятта: «Хайызы келген әйел әр намаз уақытында жетпіс мәрте истиғфар айтса, мың рәкәғат намаздың сауабы жазылады») 3. Жүз мәрте Пайғамбарымызға ﷺ салауат айту («Аллаһумма салли ‘аля саййидина Мұхаммад» т.б.) 4. Дұғалар оқу (дұға кітаптарынан немесе жаттаған дұғаларын) 5. Қол жайып, өз тілінде Алладан қалаған нәрселерін сұрау 6. Құран тыңдау (хайыз кезінде Құран тыңдауға болады) ⠀ Алла Тағала осы қасиетті түнде жасаған құлшылықтарымызды қабыл етсін! 🤲

Видео мәтіні

Бүгінгі кеште яғни, екінші ақпаннан үшінші ақпанға қараған түні ислам дініміздегі қасиетті түндердің бірі барат түні бұл түннің қадірі мен қасиеті жөнінде. Пайғамбарымыздан тәдистер келген енді осы түнде қандай құлшылық жасау керек мәселесіне келетін болсақ мүмкіндігінше бұл түнді біз құлтүнде көбірек құран оқиық пайғамбарымызға салауат айтайық истиғфар айтайық күнәларымыздың кешірілімі үшін дұға етейік жалпы өзіміз үшін туыс туғанымыз үшін еліміз үшін көп дұға еткеніміз дұрыс мүмкіндігінше осы түнде тұрып тәжүт намазын оқығанымыз жақсы әрине бір оразаға ниет етіп бір оразаға ни бір күні осы барат түннің күндізінде ораза ұстайтын болсақ сауапты іс әр елде осы ауыз бекітетін уақыт пен ауыз ашатын уақыт әртүрлі таң намаздың уақыты кірмей тұрып аузымызды бекітеміз ақшам намаздың уақыты кірген кезде аузымызды ашады екенбіз. Сондықтан, бұл түнде көбірек дұға етейік. Алла тағала құлшылықтарымызды қабыл қылсын.

Автор: Жүсіп Шұғай