Бұл қолымыздағы жүз теңге осы жүз теңгені бұрыш жолға да жұмсауымыз мүмкін
👁 22 мың · ❤ 1,1 мың · 💬 45
Құмар – кездейсоқ сәттілікке үміттеніп ұтыс мақсатымен ақша, құнды зат тіге отырып ұту немесе ұтылу. Шариғатымызда құмар ойындарға қатаң түрде тыйым салынған. Алла Тағала Құранда былай дейді: يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِنَّمَا الْخَمْرُ وَالْمَيْسِرُ وَالْأَنصَابُ وَالْأَزْلَامُ رِجْسٌ مِّنْ عَمَلِ الشَّيْطَانِ فَاجْتَنِبُوهُ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ «Уа, иман келтіргендер! Арақ-шарап (сынды мас қылып, ақылынан адастыратын нәрселер), құмар һәм өзге де ұтыс ойындары, табыну үшін орнатылған пұттар және жебелермен (яки құмалақ, карта сынды басқа да нәрселермен) бал ашу – шайтанға ғана тән лас істер. Ендеше, (екі дүниеде де) мақсат-мұраттарыңа жету үшін бұлардан аулақ болыңдар». Аяттағы «мәйсир» сөзі құмар деген мағынаны білдіреді. Яғни біреудің ұзақ уақыт бойы еңбектеніп тапқан ақшасын құмар ойыны арқылы оп-оңай, жеңіл жолмен алғандықтан «мәйсир» деп аталған. Құмар ойнына карта, нарда, ойын автоматтары, рулетка, лоторея, букмекерлік кеңсе т.б· Ғұламалар кеңесінде бекітілген ҚМДБ пәтуалар жинағынан үзінді.
Видео мәтіні
Бұл қолымыздағы жүз теңге осы жүз теңгені бұрыш жолға да жұмсауымыз мүмкін. Қазіргі таңда дүкендердің және сауда орталықтарының алдында осындай ойын аппараттары бар біз өзіміздің қолымызбен, не болмаса баламыздың қолымен осы жүз теңгені сол ойын аппаратына саламыз ойыншықты алуымыз мүмкін алмауымыз мүмкін тағы салаңыз алуымыз мүмкін алмауымыз мүмкін алмаған жағдайда бұл жүз теңгеміз біздің ауаға кетті бұл ойын біздің шариғатымызда анық тыйым салынған күнәлі құмар ойындарының қатарына жатады. Сондықтан, құрметті ата аналар өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақтарымыздың санасына байқамай нар ойындарының дәнегін егуден аулақ болайық алла тағала баршамызға амандық берсін.