Бұл түні не істеу керек?*

👁 420 мың · ❤ 21 мың · 💬 1,1 мың

Бұл түні не істеу керек?* * Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) көптеп салауат айту. * Жасаған қателіктеріміз бен күнәларымыз үшін Жаратушы Алладан кешірім тілеу. * Намаз оқу немесе қаза намаздарды оқу. Әнас бин Мәлик (р.а.) риуаят еткен хадисте Алла елшісі (с.ғ.с.) былай деген: *«Рәжәб айында еркше бір түн бар. Ол – айдың 27-түні. Бұл түні құлшылық қылған адамның алар сауабы 100 жыл құлшылық қылған адамның алатын сауабымен тең.* деген хабарларда келген. * Құран оқу. Қайтыс болған кісілерді зиярат етіп, олар үшін дұға ету. * Мұқтаж жандарға көмек көрсету. * Бұл түннің қасиеті мен маңыздылығы жайлы жақындарға, достар мен балаларыңызға айту артықтық етпейді. Айта кететін бір жәйт, барлық ғибадаттарды, дұғаларды шын ниетпен, ықыласпен орындаған дұрыс.

Автор: Жүсіп Шұғай