Денсаулық себепті, не болмаса басқа да жағдайлармен ұрпақ перзент сүйе алмаған
👁 30 мың · ❤ 1,3 мың · 💬 28
Жасанды ұрықтандыру (ЭКО) – табиғи жолмен ұрықтана алмаған әйелдің жұмыртқа клеткасы мен ер адамның ұрығын арнайы медециналық түтікшелер көмегімен ұрықтандырып, әйелдің жатырына салу. Медицинада жасанды ұрықтандырудың негізгі екі түрі бар: Іштей ұрықтандыру тәсілі. Яғни ер адамның ұрығы мен әйел адамның жұмыртқа клеткасы жатырда ұрықтандырылады. Сырттай ұрықтандыру тәсілі. Ол – ер адамның ұрығы мен әйел адамның жұмыртқа клеткасы жатырдың сыртында арнайы түтікшелерде ұрықтандырылып, сосын жатырға салынады. Бұл іштей және сырттай ұрықтандыру тәсілдерінің бірнеше көріністері бар. Оның ішінде ұрық пен жұмыртқа клетка ерлі-зайыптыларға тиесілі болса әрі жұмыртқа клетка иесі болған әйелдің жатырына енгізілсе ғана шариғи тұрғыдан рұқсат етіледі[4]. Ал бұдан басқа көріністерде тектің араласуы және «зина» ұғымы туындағандықтан тыйым салынады[5]. Сондай-ақ жұмыртқа клеткасын ажырасқан немесе дүниеден өткен күйеуінің ұрығымен арнайы түтікшелерде ұрықтандырып әйелінің жатырына енгізуге болмайды. Алла Тағала ұрпақ қалап жүрген отбасыларға, салихалы ұрпақ берсін! ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі
Видео мәтіні
Денсаулық себепті, не болмаса басқа да жағдайлармен ұрпақ перзент сүйе алмаған отбасылар. Қазіргі таңда эко яғни, жасанды жолмен ұрықтандыру тәсілі арқылы бала сүюге барып жатады біздің шариғатымыз бұл іске мынадай шарттар орындалатын болса рұқсат етіледі біріншісі аталық ұрық пен аналық жұмыртқа клеткасы ерлі зайыпты сол ақ некелі адамдардікі болу керек. Сондықтан, да аталық ұрықты басқа бір некесіз бөтен әйел адамның жұмыртқа клеткасымен қосуға, не болмаса сол аналық жұмыртқа клеткасын басқа бір бөтен ер адамның аталық ұрығына қосу арқылы жасайтын болса бұған рұқсат етілмейді міндетті түрде араларында некесі бар ерлі зайыпты адамдардікі болуы керек бұл бірінші екіншісі осы аталық рух сол өзінің ақ некелі жұбайының жатырында жетілу керек. Сондықтан, да осы аталық ұрықты басқа бір некесіз бөтен әйелдің жатырында жетілдіретін болса бұған да рұқсат етілмейді екен міндетті түрде сол өзінің жұбайының жатырында жетілдіру керек екен осы шарттар орындалатын болса жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы бала сүюге дініміз рұқсат етеді.