Дін істері басқармасы ықпалымен және Жәрдем Атырау қоғамдық қоры ұйымдастыруымен

👁 7,3 мың · ❤ 62 · 💬 3

Дін істері басқармасы ықпалымен және Жәрдем Атырау қоғамдық қоры ұйымдастыруымен Доссор мәдениет үйі ғимаратында «Ұлттық дәстүр – ұрпақтың рухани өзегі» тақырыбында рухани кездесу өтті. Кездесуге РАНТ мүшесі, Әл-Әзһар университеті түлегі Жүсіп Шұғайұлы, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Сәлімов Бақберген, Мақат ауданының бас имамы Біләл Сүннатқожаұлы қатысып, ұлттық құндылықтар, дін мен дәстүр сабақтастығы және жастар тәрбиесі жайында тағылымды насихат айтты. Жиынға спортшылар, студент жастар, қарттар, ауданға қарасты имамдар мен әкімшілік өкілдері қатысып, рухани тәрбие, ұлттық болмысты сақтау және қоғамдағы ауызбіршіліктің маңызы төңірегінде пікір алмасты. Шара соңында келген қонақтарға жаңадан ашылған Қара Алтын тарихи-танымдық орталығы таныстырылып, музейдің тарихи жәдігерлері мен өлкеге қатысты құнды мәліметтері көрсетілді.

Видео мәтіні

Бұл бек айтатып.

Автор: Жүсіп Шұғай