Дүние деген жалғанға ей адамзат алданба сені тастап қашанда көруге жақын барғанда

👁 15 мың · ❤ 661 · 💬 2

Әуелі барша мадақ-мақтаулар Алла Тағалаға болғай! Жаратқанның игілігі мен сәлемі ардақты Алла Елшісі Мұхаммедке, оның отбасына, сахабаларына, сондай-ақ барша мұсылман баласына болсын! Бізді жоқтан бар етіп, мына жарық әлемді сыйлаған Алла Тағала жаратылу мақсатымызды былайша баян етеді: وَمَا خَلَقْتُ الْجِنَّ وَالْاِنْسَ اِلَّا لِيَعْبُدُونِ «Жын мен адамзатты Өзіме құлшылық етулері үшін ғана жараттым». Осылайша Жаратушы Хақ Тағала адам ұрпағын барша жаратылыстардан ерекше етіп, оң-солын танысын әрі өмір мен өлімнің парқын білсін деп ақыл нығметін берді. Мұнымен қоса Алла Тағала адам баласына өз араларынан пайғамбарлар шығарып, дүние мен ақыретте бақытқа қол жеткізудің жолын көрсету мақсатында қасиетті кітаптар жіберді. Соның бірі – қасиетті Құран кітабы. Тіпті дүние тіршілігі өткінші, ақырет жұртының хақ екенін қасиетті Құран мына аятпен баяндап, ой жүгіртуге үндейді: وَمَا الْحَيَاةُ الدُّنْيَا إِلاَّ لَعِبٌ وَلَهْوٌ وَلَلدَّارُ الآخِرَةُ خَيْرٌ لِّلَّذِينَ يَتَّقُونَ أَفَلاَ تَعْقِلُونَ «Дүние тіршілігі еш нәрсе емес (оның құны жоқ). Ойын-сауық қана. Әрине, ақырет тақуалар үшін абзалырақ Сонда да түсінбейсіңдер ме?»

Видео мәтіні

Дүние деген жалғанға ей адамзат алданба сені тастап қашанда көруге жақын барғанда деген сон аллах дүниені іздесең мақсат етіп көздесең көкіректі мұң басып адасасың лезде сен.

Автор: Жүсіп Шұғай