Егер сіз таң намазына тұра алмай ұйықтап қалсаңыз осы қаза боп кеткен

👁 38 мың · ❤ 2,6 мың · 💬 157

егер сіз таң намазына тұра алмай ұйықтап қалсаңыз осы қаза боп кеткен намазыңызды сіз күн найза бойы көтерілгеннен кейін оқу керексіз бұл найза бойы деген уақыт мөлшермен жарты сағат көлеміндегі жарты сағат қырық минут көлеміндегі уақыт осыдан кейін барып сіз сол күнгі қаза болып

Видео мәтіні

Егер сіз таң намазына тұра алмай ұйықтап қалсаңыз осы қаза боп кеткен намазыңызды сіз күн найза бойы көтерілгеннен кейін оқу керексіз. Бұл найза бойы деген уақыт мөлшермен жарты сағат көлеміндегі жарты сағат қырық минут көлеміндегі уақыт осыдан кейін барып сіз сол күнгі қаза болып кеткен таңнамазыңызды ниет етіп оқи аласыз. Ал егер де сіз осы намазды бесін намазының уақыты кіргенше оқитын болсаңыз онда бірінші сол күнгі таң намаздың сүннетін одан кейін парызын оқисыз. Ал егер де түске дейін оқуға уақытыңыз болмаса ондай жағдайда бесін намазының уақыты кіріп кететін болса ондай жағдайда сіз тек қана таң намазының парызын ғана оқи аласыз сүннетін оқымайды екенсіз. Ниет еткен кезде әрине қаза болып кеткен таң намазының парызы және сүннеті деп ниет етесіз. Алла тағала құлшылықтарымызды қабыл қылсын. Әр намазымызды өз уақытында қаза қылмай оқуды нәсіп қылсын.

Автор: Жүсіп Шұғай