Екі мың жиырма бесінші жылғы арафа күні маусым айының бесіне сәйкес келіп

👁 178 мың · ❤ 5,1 мың · 💬 188

Бүгін һижри жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталды. Яғни Арапа күні биыл 5 маусымға сәйкес келеді. 6 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні. Ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде анықталады. Мұндай жыл санақ ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. Жаңа айдың (һиләлдың) көрінуімен жаңа ай басталады. Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады. Зулхижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29-нда айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады. Осыған орай, 2025 жылы 27 мамырда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 28 мамырда басталып, арапа 5 маусымға, ал құрбан айт 6 маусымға сай келеді.

Видео мәтіні

Екі мың жиырма бесінші жылғы арафа күні маусым айының бесіне сәйкес келіп тұр арафа күні оразтау сүннет пайғамбарымыз хадисінде арафа күні оразтау арқылы алла тағаладан өткен және келесі жылғы күнәлардың кешірілімін үміт етемін деген құрбан айт маусым айының алтысы жетісі және сегізі күндері осы жылы құрбан шалуға ниет еткен адамдар осы үш күннің ішінде құрбандарын шалып үлгіруі керек алла тағала шалатын құрбандарымызды қабыл қылсын.

Автор: Жүсіп Шұғай