Енді оның өзінде қарасаңыз да бізге

👁 4,3 мың · ❤ 112 · 💬 3

Соңғы уақытта сайтымызда жарияланған сәләфизм ағымының мәнін бүге-шігесіне дейін ашатын мақалалардан кейін солардың арасындағы кейбір «данышпандар» матуриди ақидасын экстремистік деп көрсетіп, оған деген сенімге селкеу түсіруге бел буған тәрізді. Олар «Талибан» деген қозғалысты дәлел ретінде келтіреді. Біздің «білгіштеріміздің» жазуы бойынша, әлгі қозғалыс та имам Матуридидің ақидасын ұстанады-мыс. Бірақ, олар бұл ақиданы қаралау кезінде имам Матуридидің ақидасы – «Талибан» деген қозғалыс атымен жоқ кезде өмір сүрген және қазақ халқының тарихында экстремистер ретінде емес, ағартушылар ретінде із қалдырып кеткен Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп, Ыбырай Алтынсарин және тағы да басқа қазақ халқының көптеген ұлы перзенттерінің ұстанған ақидасы екені жөнінде жақ ашпайды. Осындай тарихи фактілерді елемеудің мынадай себебі болуы мүмкін: біздің қарсыластарымыз не тарих пен өз халқының дінін жақсы білмейді, не білсе де, мойындамайды және құрметтемейді. Матуриди ақидасына экстремистік деп айып тағу Абай Құнанбаевты немесе Шәкәрімді экстремист деп айыптаумен парапар, себебі, олар көзі ашық һәм ілімі бар матуридиттер болған. Бұған олардың еңбектері – дәлел. Алайда, оған көшпес бұрын кейбір нәрселерді түсіндіріп кетейік. Исламды жақсы білмейтіндерге айта кететін жайт, біздің дінімізде фиқһ және ақида деген ғылымдар бар. Фиқһ ғылымы намаз оқу, қажылық жасау, зекет беру, ораза ұстау т.б. секілді құлшылық мәселелерімен, сондай-ақ, харам және хәләл мәселелерімен айналысады. Қазақ халқы фиқһта бастапқы заманда Исламның көрнекті ғұламаларының бірі негізін салған діни құқықтық мектепті, яғни, Әбу Ханифаның мәзһабын ұстанған. Ақидада қазақ халқы имам Матуридиге ерген, өйткені, көптеген ханафиттер соның мектебіне ерген. Мұның себебі, имам Матуриди имам Әбу Ханифаның сенімдерін бір жүйеге келтіріп, сол сенімдерді пікірталастарда қорғап шыққан.

Видео мәтіні

Мынау өмірде дейді. Енді оның өзінде қарасаңыз да бізге. Мысалы, азаннан кешке дейін келіп мешітке ғибадат жасай бер азаннан кешке дейін зікір айта бер құлшылық жасай бер деп жатқан жоқ белгілі бір бөлігі ғана жиырма төрт сағаттың ар кезде бір сағат екі сағат дейік тез оқитын адамдар болса бір сағат жақсы жәй оқитын адамдар болса екі сағат намазын осыны бізге сұрап тұр да осыны жасап кел дейді. Ертең мен ақыретке мынау адам кейінгі өмірде келесі өмірде сіздерге мәңгілік бақыт берем дейді. Біз соны жасамаймыз. Негізі, бірақ мұның барлығы не біздің сеніміміздің аздығынан. Негізі, көзіміз көріп тұрған нәрсе болатын болса оны жасаймыз менің үшінші.

Автор: Жүсіп Шұғай