Ханафи мәскеу бойынша тұрғылықты болсын немесе сапарда жүрген адам болсын қажылықта

👁 36 мың · ❤ 2,3 мың · 💬 62

Ханафи мазһабы бойынша екі намазды қосып оқу тек қажылық кезінде, Арафа мен Муздалифада ғана рұқсат етіледі. Сапарда, тұрғылықты кезде екі намазды біріктіріп бір уақытта оқуға болмайды . Өйткені, әр намазды өз уақытысында оқу парыз. Ол жайлы Алла Тағала Құранда былай дейді: إِنَّ الصَّلاةَ كَانَتْ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ كِتَابًا مَوْقُوتًا «Расында, намаз мүміндерге белгілі уақытта парыз етілді». ( Ниса» сүресі, 103-аят). Ал, хадистегі Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сапарда екі намазды қосып оқыды дегеннің мағынасы: бірінші (бесін немесе шам) намазын ақырғы уақытына кешіктіріп барып оқиды да екіншісін (екінті немесе құптан) әуелгі уақытысында өтейді.(әл-Фиқһу әл-Ханафию уә әдилләтуһу», 1/143) Оған дәлел: Айша (оған Алла разы болсын) анамыз былай дейді: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сапарда бесінді кешіктіріп екінті намазын алғашқы уақытында және шамды кешіктіріп құптанды әуелгі уақытысында оқыды»(Тахауи, Ахмад, Хәкім риуаят еткен, иснады хасан) Нафиғ және Абдулла ибн Уақидтан жеткен хабарда былай делінген: Ибн Омардың (ол екеуінен Алла разы болсын) азаншысы: «Намаз оқимыз ба? - дегенде, Ол: – Жүре бер, - деді. Тіпті шапақтың кетуіне аз ғана уақыт қалғанда (көлігінен) түсіп шамды оқыды. Кейін кішкене күтіп шапақ кеткенде құптанды оқыды. Сосын былай деді: Расында, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір жерге асығып тұрса, мен қалай істеген болсам солай істейтін еді.(Әбу Дәуіт риуаяты, 1212)

Видео мәтіні

Ханафи мәскеу бойынша тұрғылықты болсын немесе сапарда жүрген адам болсын қажылықта арафат және мұздалипадан басқа жерде басқа уақытта бес уақыт намазды бір біріне қосып оқуға болмайды пайғамбарымыздың хадисінде келген бес уақыт намазды бір біріне қосты деген мағынадағы хадисті біздің ғалымдарымыз былай деп түсіндірген. Мысалы, сіз сапардасыз бесін намазын оқу керексіз. Бесін намазын соңғы уақытында оқисыз біраз уақыттан кейін бес намаздың уақыты шығып екінті намаздың уақыты кіреді екінті намазын әуелгі уақытында оқисыз осылай қарата әр намазды өз уақытында оқыған боп табыласыз абдулла мен омар бір реткі сафарында ақшам намазын соңғы уақытында оқиды біраз күткеннен кейін құптан намазының уақыты кіреді құптан намазын оқиды және намаз оқып болған соң қасындағыларға пайғамбарымыз осылай жасаушы еді деп айтқан екен. Сондықтан, торғылықты болайық, не болмаса сапарда жүрген кезде болайық әр намазды өз уақытында оқуға тырысайық алла тағала ақұлшылықтарымызды қабыл қасақ.

Автор: Жүсіп Шұғай