Ханафи масқаға бойынша ер адамның әурет жері

👁 31 мың · ❤ 1,8 мың · 💬 23

Ер адамдар үшін әурет кіндіктен төмен тізенің астына дейінгі аралық. Себебі, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінде: «Ер адамның әуреті – кіндіктен төмен тізесінің астына дейінгі жер», деп айтқан. Ханафи мәзһабының ең танымал фиқһи кітаптарының мәтіндерінде әурет орындары жайлы мына бір деректерді байқаймыз. «Еркектің әурет жері кіндігінің астынан тізесінің астына дейін. Бұл дегеніміз аталмыш жерлердің екі тарапы (арқа мен қарын тарапы, яғни алды мен арты) да қосылып саналады. Демек, Имам Ағзам мәзһабында кіндік әурет жер болып саналмайды. Тізе және оның үсті әурет болып саналады.

Видео мәтіні

Ханафи масқаға бойынша ер адамның әурет жері. Яғни, өзгелерге көрсетуге болмайтын тұстары бұл кіндіктің астынан бастап тізенің астына дейін. Сондықтан, киім ауыстыратын жерде болсын, не болмаса әртүрлі жону орындарында болсын біз бұл жерлерімізді өзгелерден жабық ұстау керекпіз. Алла тағала құлшылықтарымызды қабылғалсын.

Автор: Жүсіп Шұғай