Ханафи мәзһабы бойынша қасиетті құран кәрімде он төрт жерде тилауә сәждесі аяты

👁 29 мың · ❤ 1,8 мың · 💬 55

Сәжде аяты намазда оқылса, «Тиләуәт сәждесін» намазда жасау керек. Сәжде аятынан соң Құран оқу жалғасатын болса, сәжде аятын оқысымен тиләуәт сәждесін дереу орындап, қайта тұрып намазды жалғастыру керек. Егер сәжде аятынан кейін Құран оқуды жалғастырмайтын болса, бір, екі, ең көп дегенде үш аят оқып рүкуғ, сәждеге жығылады, осы сәждемен тиләуәт сәждесі орындалған болады, арнайы тиләуәт сәждесін жасау қажет емес. Намазда оқылған сәжде аятын намазда емес адам естісе, сәжде етуі керек. Ал егер намазда тұрған адам намазда емес адамның оқыған сәжде аятын естісе, оған да намаздан кейін тиләуәт сәждесін жасау керек болады. Намазда сәжде аятын оқыған адам намазда тиләуәт сәждесін жасау керек. Намаз біткенненн кейін жасалмайды. Имам намазда сәжде аятын оқыса, өзі де оған ұйып тұрған жамағат та сәжде жасайды. Тиләуәт сәждесі намаз оқуы міндет болғандарға уәжіп. Етеккір халіндегі, жаңа босанған әйелдерге уәжіп емес. Құранда он төрт жерде сәжде аяты бар. Бұларды оқыған, естіген адамның сәжде етуі – уәжіп. Тилауәт сәждесін жасайтын адамның дәреті, әурет жерінің жабық болуы тиіс. Ниет етіп, құбылаға қарап, қолдарын көтермей «Аллаху әкбар» деп сәждеге барады. Үш рет «субхана раббиал-ала» дегеннен кейін қайта «Аллаху әкбар» деп орнынан тұрады. Бұлай істеу – сүннет. Бірақ артынан «Ғуфранака раббәнә уа илайкал-масир» деу – мұстахап. «Аллаһым! Кешіріміңді тілеймін. Сөзсіз саған қайтамыз!» Кісі бір жерде тұрып, бір сәжде аятын бірнеше мәрте қайталаса, бәріне бір сәжде жеткілікті. Бірақ бір жерде әртүрлі сәжде аятын оқыса, әрқайсысына жеке-жеке сәжде жасау қажет. Аятты радио, теледидардан естіген жағдайда да сәжде жасаған абзал . Хайыз бен нифастағы әйелдерге сәжде аяты уәжіп емес. Сәжде аяттары: Ағраф сүресі, 206-аят. Рағыд сүресі, 15-аят. Нәхл сүресі, 49-аят. Исра сүресі, 107-аят. Мәриям сүресі, 58-аят. Хаж сүресі, 18-аят. Фурқан сүресі, 60-аят. Нәміл сүресі, 25-аят. Сәжде сүресі, 15-аят. Сад сүресі, 24-аят. Фуссилат сүресі, 38-аят. Нәжім сүресі, 62-аят. Иншиқақ сүресі, 21-аят. Ғалақ сүресі, 19-аят.

Видео мәтіні

Ханафи мәзһабы бойынша қасиетті құран кәрімде он төрт жерде тилауә сәждесі аяты бар кімде кім осы сүрені оқитын болса ол құран кәрімнен болсын, не болмаса телефоннан болсын, не болмаса басқа бір кез келген кітаптан, не болмаса сол оқыған адамды тыңдайтын болса онда ол адамның мойнына сәжде жасау үшін міндетті түрде құбыла тарапқа қарау керекпіз. Және сол сәжде және жө сол сәжде жасайтын кезде дәретіміз болу керек оқыған соң бірден жасағанымыз абзал болады егер мүмкіндік болмаса ұмытып кетпейтін жағдайда кейін де жасауымызға рұқсат енді сәжде жасау үшін отырып та жасай беруге болады, бірақ абзал болғаны орнымыздан тұрғанымыз жақсы осы орнымыздан тұрып бірден алла уәкбар деп сәждейе кетеміз осы сәжденің тәсбігін айтамыз үш рет айтуға да болады бес рет жеті рет айта беруге болады сәждеден бірден біз аллахуакбар деп қайтадан тұрып осылай қарата сәждені аяқтаймыз енді осы жерде дұға жасауға да рұқсат. Алла тағала құлшылықтарымызды қабыл қылсын.

Автор: Жүсіп Шұғай