Интернет арқылы неке қию дұрыс емес
👁 9,3 мың · ❤ 205 · 💬 325
Неке – тек екі адамның шешімі емес, екі отбасының байланысы. Қазақ халқы ертеден отбасы құндылығына ерекше мән берген. Сондықтан қыз бен жігіттің ғана емес, ата-аналардың да танысып, бір-бірін жақыннан тануы маңызды саналған. Құда түсу, бата алу, үлкендердің ақылы – осының барлығы болашақ отбасының берік болуына қызмет етеді. Исламда да неке жария түрде жасалып, куәгерлердің қатысуымен рәсімделуі құпталады. Неке – жасырын қарым-қатынас емес, қоғам алдында жауапкершілік алатын маңызды қадам. Бүгінде технологиялардың дамуына байланысты көптеген мәселені онлайн шешуге болады. Алайда өмірлік серік таңдауда тек экран арқылы сөйлесумен шектелмей, отбасылардың танысуына, ата-аналардың пікіріне және болашақ жарды жақыннан тануға көңіл бөлген жөн. Берік отбасы сенімнен басталады. Ал сенім уақытпен, қарым-қатынаспен және екі жақтың бір-бірін жақсы тануымен қалыптасады.
Видео мәтіні
Мәсәуелді қазақстан дінімізде отбасын құру бұл пайғамбарымыздың сүннеті дінімізде шақырылған амал, бірақ отбасын құрардан бұрын біздің жастарымыз бір бірін танытып ата аналарымыз танып бір бірімен танысып барып биленгені абзал мұрат қыз басқа облыста дегендей онлайн түрде интернет арқылы некелерін қияды. Негізі, бұл біздің фиқһ кітаптарымызда дұрыс емес амал неке қию үшін де екі тарап қыз бен жігіттің және куәгерлердің бір жерде болуы керек деп ашық жазылған екен. Сондықтан, отбасын құрар кезде осы мәселеге көңіл бөліңіздің отбастарыңызңызға амандық берсін.