Кейбіреулеріміз ұйықтап қалып, не болмаса бір жұмыс барысында бір жерімізді жарақаттап

👁 141 мың · ❤ 5,9 мың · 💬 163

Ішкі дәрет алу – дәретхананың ішінде өз қажеттілігімізді өтегеннен кейін нәжіс шыққан жерді қағазбен немесе сумен тазалау. Сыртқы дәрет алу – қолды шынтақпен бірге жуу, бетті жуу, аяқтарды жуу және бастың бір бөлігіне мәсіх тарту. Егер дәретіміз ұйқы арқылы немесе денеден қан шығу арқылы бұзылса, тек сыртқы дәрет алу жеткілікті. Бұл жағдайда дәретханаға кіріп, төменгі жағын жуу міндетті емес. Ал егер дәретханаға кіріп қажеттілігімізді өтесек, онда ішкі дәрет алу қажет болады. Кіші дәреттен кейін жақсылап қағазбен сүрту жеткілікті, ал үлкен дәреттен кейін міндетті түрде сумен жуып тазалану керек. Жел шығу дәретті бұзады, бірақ ол үшін ішкі дәрет алу қажет емес, тек сыртқы дәрет алу жеткілікті.

Видео мәтіні

Кейбіреулеріміз ұйықтап қалып, не болмаса бір жұмыс барысында бір жерімізді жарақаттап кішкене қаншып кететін болса сол дәрет алу үшін міндетті түрде дәретхананың ішіне кіріп іш дәрет алып одан кейін қайтадан сол дәрет алатын жерге барып сырт дәрет алып осылай жасап жатамыз. Негізі, ұйықтап қалғанда, не болмаса денеміздің бір жерін жарақаттап алып дәретіміз бұзылғанда енді дәрет алу тек қана біз туалеттің ішіне кіріп өзіміздің қажеттіліктерімізді өтейтін болсақ сол кезде ғана біз іш дәрет алуымыз керек болады екен алла тағала құрықшылықтарымызды қабыл қылсын.

Автор: Жүсіп Шұғай