Мысалы, сіз таңғы сағат сегізде дәретіңізді алып аяғыңызды жуып аяғыңызға мәсі
👁 51 мың · ❤ 2,4 мың · 💬 102
Дәрет алып, аяғыңызды жуып мәсі киген соң, егер сол мәсіні шешпесеңіз, 24 сағат бойы аяғыңызды жумай, тек қана басқа дене мүшелеріңізді жуып дәрет ала беруге болады. Енді сол 24 сағатты қай уақыттан бастап есептейміз деген сұрақ туындайды. Сіз дәрет алып мәсіні киген соң, дәретіңіз қашан бұзылады — сол уақыттан бастап есептеледі. Мысалы, таңертең сағат 06:00-де дәрет алып, аяғыңызды жуып мәсі кисеңіз, ал дәретіңіз 10:30-да бұзылса, мәсінің уақыты осы дәрет бұзылған уақыттан басталады. Яғни, 10:30-дан ертеңгі 10:30-ға дейін мәсіні шешпей жүрсеңіз, 24 сағат бойы мәсіх тартып жүре бересіз. Ал таңғы 06:00–10:30 аралығында аяғыңызды жуып кигендіктен, мәсіні шешіп, аяқты жумай қайта киюге болады. Бірақ 10:30-дан, яғни дәрет бұзылғаннан кейін мәсіні шешсеңіз, міндетті түрде аяқты жуып киюіңіз керек. Бір аяқтағы мәсі шешілсе, міндетті түрде екінші аяқтағы мәсіні де шешіп, екі аяқты да жуу қажет. Бұл жердегі сағатпен көрсетілген уақыттар тек мысал ретінде ғана келтірілген. Әр адамның дәретінің бұзылу уақыты әр түрлі болады.
Видео мәтіні
Мысалы, сіз таңғы сағат сегізде дәретіңізді алып аяғыңызды жуып аяғыңызға мәсі киіп алдыңыз осы алған дәретіңіз белгілі себептермен мысал ретінде сағат он екіде бұзылды делік осы сегіз бен он екінің арасында сіз аяғыңызға киген мәсіні шешіп қайтадан кие беруіңіз үшін. Ал енді осы дәретіңіз бұзылғаннан кейін, яғни, сағат он екіден кейін сіз мейлі қайтадан дәрет алыңыз мейлі дәретсіз болыңыз аяғыңыздағы мәсін шешетін болсаңыз онда қайтадан аяқта жуып киюіңіз қажет екен. Алла тағала құлшылықтарымызды қабыл қылсын.