Намаз оқып тұрған кезде намаздың рәкагаттарынан шатасу орын алса және осы шатасу
👁 39 мың · ❤ 2,5 мың · 💬 61
Намазда қанша рәкәғат оқығаны жайында жиі шатасатын кісі: Егер намаз оқып тұрып «мынанша рәкәғат оқыдым» деген ойы басым болса, өзі іштей тоқтамға келген рәкәғаты бойынша намазын тәмамдайды да, артынан сәжде жасайды (сәһу сәждесі). Мысалы, таң намазын оқу барысында «екі рәкәғат оқыдым ба, әлде бір рәкәғат оқыдым ба» деп күмәнданып, артынан бір рәкәғат оқығандығы басым түсіп, іштей сол тоқтамға келсе, екінші рәкәғатын оқып, соңында сәһу сәждесін жасайды. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің бір хадисінде: «…Кімде-кім, намазында күмәнға түссе, ең дұрыс дегеніне тоқтасын (фәл-ятахарра әс-сауаб), сосын соны негізге ала отырып, намазын тәмамдасын. Артынан сәлем беріп, екі (сәһу) сәжде жасасын», – деген.
Видео мәтіні
Намаз оқып тұрған кезде намаздың рәкагаттарынан шатасу орын алса және осы шатасу сізде үнемі болатын болса ондай жағдайда ойыңыздың басын бөле қай жақта. Сонымен амал жасайсыз. Мысалы, таң намазын оқып тұрсыз бірінші ракатта тұрсыз ба? Екінші ракатта тұрсыз ба? Шатасу орын алды бірден ойланып көресіз бірінші ракатыңызды біте аяқтайсыз ал егерде екінші ракатта тұрмын деген ой басым болатын болса онда сол екінші әрекатыңызды бітіріп намазыңызды аяқтайсыз, бірақ екі көріністе де намаздың соңында сәху сәждесін жасау керексіз. Осы қағиданы кез келген намазға қолдануға болады. Алла тағала құлшылықтарымызды қабыл қылсын.