Намазда шатасу мәселесі егер сіз намазда шатасатын болсаңыз оған қатысты біздің

👁 25 мың · ❤ 2,2 мың · 💬 79

намазда шатасу мәселесі егер сіз намазда шатасатын болсаңыз оған қатысты біздің фик кітаптарымызда мынандай үкімдер бар намазда шатасу сіздің өміріңізде бірінші рет орын алып тұратын болса онда сіз сол намазыңызды бұзып қайтадан басынан бастап оқу керексіз ал егер де намазда шата

Видео мәтіні

Намазда шатасу мәселесі егер сіз намазда шатасатын болсаңыз оған қатысты біздің фиқһ кітаптарымызда мынандай үкімдер бар намазда шатасу сіздің өміріңізде бірінші рет орын алып тұратын болса онда сіз сол намазыңызды бұзып қайтадан басынан бастап оқу керексіз. Ал егер де намазда шатасу мәселесі сізде жиі қайталанатын болса онда мына екі мәселеге көңіл бөлу керекпіз. Біріншісі сіз. Мысалы, бірінші рәкатта ма? Немесе екінші рәкатта тұрсыз ба? Шатасып кеттіңіз ойыңыздың басым бөлігімен амал жасайсыз. Мысалы, жетпіс пайызға мен бірінші рәкатта тұрмын деп ал әрі қарата отыз пайызға екінші рәкатта тұрмын деген сізде күмән бар, демек, сіз онда жетпіс пайыз басымдықты алып бірінші рәкатта тұрмын деп жалғастырасыз. Ал егер де ойыңызда ешқандай бір басымдылық болмаса мүмкін бірімші ракатта тұрсыз мүмкін екінші ракатта тұрсыз ешқандай басымдылық жоқ онда сіз ракаттың азында тұрмын деп есептейсіз. Мысалы, бірде ме? Екіде ме? Тұрдым деп шатастыңыз онда бірде тұрмын деп намазыңызды жалғастырады екенсіз. Әрбір екі рәкат болып қалуы мүмкін жерде отырасыз және намаздың соңында сәбу сәждесін жасайсыз. Алла тағала құлшылықтарымызды қабыл қылсын.

Автор: Жүсіп Шұғай