Нәзірді орындамаған адам не істеуі керек?

👁 119 мың · ❤ 10 мың · 💬 104

БІЛЕ ЖҮРІҢІЗДЕР

Видео мәтіні

Бір адам иә алла тағала менің осы ісім жүріп кететін болса, не болмаса мен емтиханнан өтіп грантқа түсіп кететін болсам сенің жолыңда осыны жасаймын деп құдайға уәде беретін болса нәзір ететін болса енді ісі орындалды ісі орындалғаннан кейін ол адам құдайға берген уәдесін орындау керек негізінде, бірақ қандай да бір себептермен мүмкін жалқаулықтан орындаған жоқ бұл адам не істеу керек бұндай жағдайда біздің фиқһ кітаптарымызда келеді ол кісі жағдай төмен он адамды тамақтандыру керек, не болмаса киіндіру керек бұл жерде бір адамды он күн тамақтандыруға да болады немесе он адамды бір күнде тамақтандыра салуға да болады енді бұл кісі ондай қаражаты жоқ өзі сондай адам болатын болса бұндай жағдайда ол кісі үш күн қатарынан ораза ұстау керек уәдесін орындамағаны үшін енді бұл жерде уәде мәселесінде жаңағы мен жасаймын деген ісі күнәлі іс болатын болса и алла тағала менің осы ісім орындалып кететін болса мен осыны жасаймын дейді, бірақ ол жасаймын деп тұрған ісі күнә болатын болса оны ол уәдені орындамау керек ол күнә болғандықтан және бір көңіл бөлетін мәселе құдайға берген сіздің уәдеңіз парыз алла тағала онсыз да парыз еткен нәрсе болмау керек. Мысалы, мен иә алла тағала осы ісім жүріп кететін болса мен бес уақыт намаз оқимын немесе жұма намазын оқимын деген сияқты болмау керек өйткені ол жұма намазы бес уақыт намаз онсыз да парыз міндетті нәрсе.

Автор: Жүсіп Шұғай