Негізі, бізге алла тағала көп нәрсені бергелі тұрған болуы мүмкін бір адамға
👁 6,3 мың · ❤ 327 · 💬 5
Төрткүл дүниені тік тұрғызған жұқпалы індет қазіргі таңда барша адамзат баласы үшін ауыр сынақ болып тұр. Жер бетіне жылдам таралып жатқан жұқпалы дертке орай жарияланған төтенше жағдай режимі, карантин ережелері де тұрмыс-тіршілікті тоқыратып, әлеуметтік әрі экономикалық қиындықтар қабаттаса өсіп келеді. Дегенмен дәл осынау дүрбелең кезең адамзат баласының тағдыр көшіндегі тағы бір кезекті сынағы екенін естен шығармауымыз қажет. Бір Аллаға үміт еткен мұсылман баласы мұндай сынақ сәттерде сабырлық танытып, үмітсіздікке бой алдырмауы қажет. Ата-бабамыз қилы-қилы заманды бастан кешіп, қиындық көрсе де, небір зұлматтарға сабыр етіп, ауыртпалықтың арты жақсылық боларына үлкен үмітпен Хақ Тағалаға сыйынып, «Күніне тоқсан тоғыз пәле көрсең, сонда да күдер үзбе бір Алладан» деп өткен. Жалпы қандай да бір қиындыққа тап болған жан, сабыр етіп, нәтижесін Жаратушыдан күтер болса, сабырлықтың арты жақсылық болып әрі сауабы артатыны белгілі. Хақ елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сабырлық таныту – Алладан берілген сый және Алла алдында сабырлықтан артық сый жоқ», – деген. Қиындық-сынақты беретін де, одан сақтайтын да – бір Алла. Қасиетті Құран Кәрімде: «Алланың бұйрығынсыз ешбір қайғы-қасірет болмайды» («Тағабун» сүресі, 11-аят) деген. Мұсылманның басына қандай да бір қиындық келетін болса, оған ол соншалықты уайымдап, сабырсыздана өмірден түңілуі негізсіз болмақ.
Видео мәтіні
Негізі, бізге алла тағала көп нәрсені бергелі тұрған болуы мүмкін бір адамға байлық береді бір адамға денсаулық береді бір адамға жақсы жарнасып қалады анау мынау көптеген берер болуы мүмкін алла тағаланың бізге, бірақ кейбір істеген күнәларымыз алдымызға тұрып алады біздің біреуді ұрғанбыз кей жерде ішкен болуымыз мүмкін басқа күнәлар жасаған болуымыз мүмкін соның бәрі алдымызға тұрып алады да ана кедергі нығметтері келмей жатыр алла тағаланың оны ашып жіберетін не бар ол истиғұфар егер біз истиғұфарды көп айтатын болсақ алдымызда кедергі кететін болса біздің жолымыз ашылады сонда түсінікті ме? Жолымды ашып бер деудің емшілерге жүгірмейсіз өзіңіз емшісіз өзіңізге. Міне. Сондықтан, естену фарды көп айтайық ғұрекұр.