Осылай орындықтың үстінде арқамыз сүйеп отырып, не болмаса жерде отырып ұйықтап

👁 65 мың · ❤ 5,2 мың · 💬 103

‎ ورُوي خلف بن أيوب عن أبي يوسف أنه قال: سألت أبا حنيفة عمن استند إلى سارية أو رجل ثم نام، ولولا السارية والرجل لم يستمسك، قال: إذا كانت إليته مستوثقة من الأرض فلا وضوء عليه؛ وبه أخذ عامة مشايخنا، وهو الأصح لما روينا من الحديث وذكرنا من المعنى Халаф ибн Айюб Әбу Юсуфтан риуаят етіп, былай дейді: Мен Әбу Ханифадан( Алла Тағала рахымына алсын) бір бағанаға немесе адамға сүйеніп ұйықтаған әрі сол тірек болмаса өздігінен тұра алмайтын адамның (дәреті) жөнінде сұрадым. Ол: «Егер оның жамбасы (отырысы) жерге нық тірелген болса, онда ол ұйқыға бола дәрет бұзылмайды», – деді. Осы пікірді біздің машайықтардың көпшілігі ұстанған, әрі бұл – біз жеткізген хадистерге және айтылған ойларға сай ең дұрыс көзқарас. Қазіргі таңдағы ханафи мазһабының көрнекті ғалымдарының бірі Шейх Әбду Салам Абдул Һади Шаннарда осы көзқарасты қуатты деп санаған. Бәдәәиъ әс-сәнәәиъ фи тәртиб әш-шараәиъ. 1 том. 135 бет. Дәру әл-ихия әт-турасу әл-араби.

Видео мәтіні

Осылай орындықтың үстінде арқамыз сүйеп отырып, не болмаса жерде отырып ұйықтап кететін кездер болады бұл жағдайлар көбінесе сапарда жолда кетіп бара жатқан кезде көліктің ішінде кездесіп жатады. Негізі, тура осылай ұйқы біздің мазһабымызда қуатты болған көзқараста дәретті бұзбайды, бірақ бір шартпен осылай орындықтың үстінде отырып арқамыз сүйеп ұйықтаған кезде мынау екі жамбасымыз көтеріліп кетпей орындықтың үстінде нық тұру керек егер де оңға, не болмаса алдыға осылай көтеріліп кететін болса жамбас онда дәретіміз бұзылады қайтадан дәрет алу керекпіз, не болмаса таянбай алу керекпіз. Ал енді жерге жатып ұйықтау мәселесіне келетін болсақ жатып ұйықтаудың кез келген түрі ол дәретті бұзады оң жамбасымызбен болса да сол жамбасымызбен болса да шалқалап жатып ұйықтасақ та екпетімізбен жатып ұйықтасақ та ұйықтап кететін болсақ дәретіміз бұзылып кетеді қайтадан дәрет алу керекпіз. Енді жатып көз ілініп кету мәселесі бар ғалымдарымыз осы көз ілініп кету мәселесіне мынандай бір ереже қойған сіздің көзіңіз ілініп кетті, бірақ маңайыңызда не болып жатқанын кімнің не деп жатқанын сезіп тұрған болсаңыз онда ол көз ілініп кету болса да дәретті бұзады екен. Сондықтан, ұйқы мәселесінде осы мәселеге көңіл бөліңіздер.

Автор: Жүсіп Шұғай