Отанға қызмет — дін, тіл және дәстүр
👁 8,3 мың · ❤ 432 · 💬 57
Күнделікті өмірдегі патриотизм – бұл биік мінберлерден айтылатын жалынды ұрандар емес. Бұл – әр адамның таңертең оянып, өз жұмысына, айналасына және еліне деген шынайы ниеті мен жасаған кішігірім, бірақ тұрақты іс-әрекеттері. Шын мәнінде, шынайы отаншылдық – көшеге қоқыс тастамаудан, көршіңе күлімсіреп қараудан, өз кәсібіңді адал атқарудан және өз ана тіліңді құрметтеуден басталады. Ислам діні мен қазақ даналығы патриотизмді дәл осылай – күнделікті тіршіліктің әдебі мен жауапкершілігі ретінде түсіндіреді. Күнделікті патриотизм – бұл ең алдымен өзің өмір сүріп жатқан ортаға, қоғамға зиян тигізбеу және айналаңды жақсарту.
Видео мәтіні
Отан сөзінің жалпы мағынасы өте ауқымды отан сөзі ол тек қана біздің туып өскен жеріміз мынау ағаш сулардан тұратын жер ғана емес біздің сан ғасырлардан бері қалыптасқан тарихымыз ол біздің отанымыз дәстүріміз мәдениетіміз ол біздің отанымыз өзіміздің тіліміз атадан бері жалғасып келе жатқан дініміз ол біздің отанымыз. Сондықтан, осыларға да үлес қосу жалпы отанға үлес қосу осыларға қызмет жасау отанға қызмет жасау боп саналады. Сондықтан, күнделікті өмірімізде балаларымызға дұрыс тәрбие беру тіпті мынау жолда кетіп бара жатқан кезде жолда жатқан бір кесекті бір шетке алып қою бұл да біздің отанға қосқан үлесіміз екен. Сондықтан, пайғамбарымыздың хадисында айтқандай ең қайырлы адам адамдарға қайырлы болған адам айналамызға отанымызға әрдайым қайырлы болайық.