Өз елді мекенімізден тоқсан шақырымнан алыс жерді ниетке алып сапарға шыққан кезде

👁 42 мың · ❤ 2,7 мың · 💬 84

Имам Әс-Сарахсидың «Әл-Мәбсут» кітабы Ханафи мәзһабындағы кітаптардың ең әйгілілерінің бірі. Кітаптарды бағалайтын ғұламаларымыз арасында «Әл-Мәбсут» Имам Әбу Ханифаның бас шәкірттерінен бірі Имам Мұхаммед ибн Хасанның «Заһирур-риуая» кітабының шархы деп саналады. Яғни, бұл кітаптағы сөздер тікелей Имам Әбу Ханифаға барып тіреледі. Міне, осы кітапта сапарда сүннет намаздарын оқу жайында мыналар жазылған: «Сапардың себебінен сүннет пен нәпіл намаздары қысқартылмайды. Сапарда парыз намазы қысқартылып оқылады. Бірақ сүннет пен нәпіл намаздары қысқартылмайды. Олар негізінде қанша ракағат болса, сонша оқылады. Өйткені «сапарда намазды қысқартып оқу пікірмен емес, Алланың әмірімен бекітілген әрі парыз намазына тиісті». «Адамдардың сапарда сүннетті оқымау жайында сөз айтқандары да бар» әрі олар, яғни сапарда сүннетті оқымау жайында айтқан адамдар кейбір сахабалардан риуаят етіп айтады, осы сахаба: «Егер мен сүннетті оқитын болсам, парызды толық оқитынмын» деген екен. Бұл сөздің, яғни «сүннетті оқитын болсам, парызды толық оқитын едім» деген сөздің тәъуилі сол, Ханафилер бойынша сапарда қауіпті уақытта, дұшпан қауіп-қатер төндіріп тұрғанда сүннетті оқымаса болады. Бір жерде тұрудың мүмкіндігі жоқ адам сүннетті оқымаса болады. Алайда басқа уақыттарда оқу керек. Тағы басқа кітаптарды парақтаймыз. Ханафи мәзһабының ең үлкен әрі танымал кітаптарының бірі – Имам Әл-Кәсанидің «Бәдәиъус-сәнәиъи фи тәртибиш-шәриъи» деген кітабын қолға аламыз. Ол кісі біз талқылап жатқан мәселе жайында былай жазған: «Сондай-ақ, «сүннет пен нәпіл намаздарын қысқартып оқу жоқ». Өйткені: «Намазды қысқарту Алла Тағаланың әмірімен болған». Бұл жерде, яғни сүннет пен нәпілдерді қысқарту үшін ондай бұйрық жоқ. ЖАЛҒАСЫ ⬇️⬇️⬇️⬇️

Видео мәтіні

Өз елді мекенімізден тоқсан шақырымнан алыс жерді ниетке алып сапарға шыққан кезде біз белгілі парыз намаздарды төрт рәкатты парыз намаздарды қысқартамыз. Ал енді сүннетке келетін болсақ сүннет қысқартылмайды мүмкіндік болған жағдайымыз болып тұрса сүннетті тастамай ті тастамай оқып жүргеніміз дұрыс сапарда болсақ та, себебі барлығымыз сауапқа және пайғамбарымыздың шапағатына мұқтажбыз. Алла тағала құлшылықтарымызды қабыл қылсын. Балдықтардың өзі өзеге.

Автор: Жүсіп Шұғай