Пайғамбарымыз хадисінде кімде кімнің құдайдан сұрап жүрген дүниелік және ақыреттік

👁 68 мың · ❤ 4,9 мың · 💬 161

Дүниелік немесе ақыреттік қалауы бар адам дәрет алып, құптан намазынан кейін екі немесе төрт рәкат, басқа бір көзқарас бойынша, он екі рәкат намаз оқиды. Одан кейін Аллаға хамд, мадақ және Оның Елшісіне салауат айтып, артынан өзіне қажет дұғасын айтып, Алладан сұрайды. Мәрфу’ бір хадисте намаздың бірінші рәкатында бір рет «Фатиха», үш рет «Аятул-күрсі» оқиды. Қалған үш рәкатының әр бірінде «Фатиха» мен «Ықылас», «Фәлақ», «Нас» сүрелін оқиды. Тирмизидің бір хадисінде Пайғамбарымыз (ﷺ) былай дейді: «Әркімнің Алладан қалаған бір тілегі немесе адамдардан кімде-кімнің қандай бір тілегі болса, алдымен жақсылап дәрет алсын. Содан кейін екі рәкат намаз оқысын. Одан кейін Аллаға хамд, мадақ, Алла Елшісіне салауат айтсын. Артынан мына дұғаны оқысын: لاَ اِلَهَ الاَّ اللهُ الْحَلِيمُ الْكَريمُ سُبْحَانَ اللهِ رَبِّ الْعَرْشِ الْعَظيمِ الْحَمْدُ لِلهِ رَبِّ الْعالَمِين اَسْئَلُكَ مُوجِباتِ رَحْمَتِكَ وَ عَزَآئِمَ مَغْفِرَتِكَ وَ الْغَنيمَةَ مِنْ كُلِّ بِرٍّ وَ السَّلامَةَ مِنْ كُلِّ اِثْمٍ لاَ تَدَعْ لي ذَنْباً الاَّ غَفَرْتَهُ وَ لا هَمّاً إلاَّ فَرَّجْتَهُ وَ لاَ حاجَةً هِىَ لَكَ رِضاً قَضَيْتَها يآ اَرْحَمَ الرَّاحِمينَ Оқылуы: «Ләә иләһә иллал-лоһул-халимул-кәрим. Субхан-Аллаһи Раббил-а’ршил-а’зим. Әл-хәмду лилләһи раббил-а’ламин. Әсәлукә мужибаати рахматика уә азаимә мағфиратикә уәл-ғанимәтә мин кули биррин уәс-сәләәматә мин кулли исмин ләә тәда’ ли зәнбән иллә ғафәртәһ уә ләә һәммән иллә фәррәжтәһ, уә ләә хәәжәтән һиә ләкә ридан иллә қадайтәһә иәә әр-рахамәр-рәхимиин». Мағынасы: «Халим (биязы) әрі Жомарт Алладан басқа құдай жоқ. Ұлы арштың Раббы Алланы тәсбих етемін. Хамд пен мадақ әлемдердің Раббы Аллаға тән. Аллаһым! Рақымдылығың қажет еттірген нәрселеріңді, ап-анық кешіріміңді, әрбір жақсылыққа жеткізуіңді, әрбір күнәдан алыстатуыңды сенен тілеймін. Күнәларымды кешір! Қайғы-мұңымнан арылт! Ризалығыңа лайық қажеттілігімді бер. Ей, рақымдылардың Рақымдысы, Аллаһым!»

Видео мәтіні

Пайғамбарымыз хадисінде кімде кімнің құдайдан сұрап жүрген дүниелік және ақыреттік кез келген бір қажеттілігі болса жақсылап дәрет алғаннан кейін екі рәкат намаз оқысын деген кейбір хадистерде бұл намаздың төрт рәкат екендігі жөнінде де хабар келген бұл қажет намазы қажет намазын бір бөлім ғалымдар құптан намазынан кейін оқыған дұрыс деп айтқан екен егер біз осы намазды төрт рәкаттық оқитын болсақ кейбір кітаптарды былай оқу үлгісі кетеді бірінші ракатта Фатиха сүресінен кейін үш рет айтыл курсиді оқимыз екінші ракатта Фатиха сүресінен кейін ықылас сүресі үшінші ракатта Фатиха сүресінен кейін фалақ сүресі төртінші ракатта Фатиха сүресінен кейін нас сүресін оқимыз екі рәке атты оқуға болады егер біз бұл сүрелерді білмесек басқа кез келген білген сүрелерімізбен оқи береміз намазға ниет еткен кезде қажет намазын оқуға деп ниет етеміз намаздан кейін қолымызды жайып құдайдан дүниелік және ақыреттік кез келген қажеттілігімізді сұрай береді екенбіз.

Автор: Жүсіп Шұғай