Пайғамбарымыз хадистінде не дейді

👁 6,9 мың · ❤ 348 · 💬 3

Құран Кәрімде Алла Тағала қажылық жайлы бірнеше аятта баян еткен. «Әли Имран» сүресінің 97-аятында былай дейді: وَلِلَّهِ عَلَى النَّاسِ حِجُّ الْبَيْتِ مَنِ اسْتَطَاعَ إِلَيْهِ سَبِيلًا وَمَن كَفَرَ فَإِنَّ اللَّهَ غَنِيٌّ عَنِ الْعَالَمِينَ «Алланың үйін зиярат етуге шамасы келетін әрбір адам үшін қажылыққа бару – оның мойнындағы Алланың ақысы. Ал егер кімде-кім күпірлік қылып, қажылықты жоққа шығарса, біліп қойыңдар, Алла ешкімге мұқтаж емес, керісінше бүкіл ғалам Оған мұқтаж. Аяттың мағынасында айтылғандай Раббымыз ешкімнің құлшылығына, қажылығына мұқтаж емес. Керісінше күнәсі тау тасынан көп болған пенделердің мұқтаж болған қасиетті ғибадаты. Олай болса бұл ұлы іс тек қана Алла үшін дұрыс ниет, шынайы ықыласпен, үлкен дайындықпен кірісетін амал. Басқа бір аятында Алла Тағала: الْحَجُّ أَشْهُرٌ مَّعْلُومَاتٌ فَمَن فَرَضَ فِيهِنَّ الْحَجَّ فَلَا رَفَثَ وَلَا فُسُوقَ وَلَا جِدَالَ فِي الْحَجِّ وَمَا تَفْعَلُوا مِنْ خَيْرٍ يَعْلَمْهُ اللَّهُ وَتَزَوَّدُوا فَإِنَّ خَيْرَ الزَّادِ التَّقْوَىٰ وَاتَّقُونِ يَا أُولِي الْأَلْبَابِ «Қажылық белгілі айларда өтелетін құлшылық. Кімде-кім сол белгілі айларда құлшылық парызын өтеуге ниет етіп, бел буса, онда қажылық парызын өтеу барысында жұбайлардың бір-бірімен төсек қатынасына түсуіне, шариғаттың шеңберінен шығуға, дауласуға және шекісуге жол жоқ. Сондай-ақ қандай жақсылық жасасаңдар да Алла оны міндетті түрде біліп тұрады. (Өзгелерге мұқтаж болмас үшін) азықтарыңды жақсылап қамдап алыңдар һәм біліп қойыңдар, ең қайырлы азық тақуалық! Менен қорқып тақуалық шеңберінде әрекет етіңдер.», дейді. Қажылық барысында қажы бос істердің бәрін тастап, өзін көріп, бақылап тұрған Раббысының разы болатын қайырлы істерімен ғана айналысуы қажет. Кез келген адам жолға шығар алдында керек азығын алғанындай, бұл қасиетті сапардың ең негізгі азығы болған тақуалықты ала шығу керек. Ал адамның жиған қаржысы, алған киім-кешек, заттары осы тақуалыққа жәрдемші құралдарға айналуы тиіс.

Видео мәтіні

Пайғамбарымыз хадистінде не дейді. Кімде кім таң намазын жамағатпен оқыса одан кейін сол мешітте орнынан қозғалмай мешіттен кетіп қалмай үйге күн шыққанша отырса дейді. Күн көтерілгенше күн көтерілгеннен кейін макрох уақыт шыққаннан кейін сол мешітте екі ракат намаз оқитын болса бұл адамға алла тағала бір үлкен қажылықтың және бір кіші қажылықтың сауабын жазады деген пайғамбарымыздың хадисі бар.

Автор: Жүсіп Шұғай