Пайғамбарымыздан жеткен хадисте кімде кім әр намаздан кейін отыз үш рет субханАллаһ

👁 57 мың · ❤ 4,5 мың · 💬 174

Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) намаздан кейінгі тартылатын тәспінің артықшылығы жайында: «Кімде-кім әрбір намаздан кейін 33 рет «сұбханаллаһ», 33 рет «Алхамдулиллаһ», 33 рет «Аллаһу әкбар» десе, бәрін қосқанда тоқсан тоғыз болады, ал жүзіншісінде «Лә иләәһа иллаллаһу уахдаһу лә шариика ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уа һуа алаа кулли шаийн қадиир» деп айтса, теңіз толқынының көбігіндей күнәсі болса да кешіріледі»деген.( мүслим). Басқа бір хадисте” Әр намаздан кейін аятул курсиды оқитын болса, келесі намазға дейін Алланың қорғауында болады” деген . Бұл жердегі намаздан мақсат күнделікті оқып жүрген бес уақыт намазымыз. Бұл зікірілер ханафи мазһабы бойынша парызды және сүннеттерді оқып болған соң ең соңында жасалады.

Видео мәтіні

Пайғамбарымыздан жеткен хадисте кімде кім әр намаздан кейін отыз үш рет субханАллаһ отыз үш рет әлхамдулиллаһ отыз үш рет Аллаһу әкбар деп айтатын болса және бұл зікірлерді күнделікті жасайтын болса ол адам алла тағала ол кісінің күнәсі теңіздің көбігіндей көп болса да кешіреді деген басқа бір хадисте кім оқитын болып әр намаз оқитын болса ол кісі келесі намазға дейін алла тағаланың қорғауында болады деп айтқан екен. Сондықтан, құрметті қауым әр намаздан кейін пайғамбарымыз үйретіп кеткен осы зікірлерді жасаудан ерінбейік. Алла тағала құлшылықтарымызды қабыл қылсын.

Автор: Жүсіп Шұғай