Қабыл болатын дұға: түннің соңғы бөлігі мен намаздан кейін
👁 26 мың · ❤ 2,2 мың · 💬 114
БІЛЕ ЖҮРІҢІЗДЕР
Видео мәтіні
Дұға қабыл болатын сәт, демек, бізге күнде бес рет кездеседі деген сөз. Пайғамбарымыздан осындай бір жиналыста отырған кезде сұралды дейді. Қандай дұға қабыл болуға және де жақынырақ және де тезірек қабыл болады қандай дұға сонда пайғамбарымыздың жама жауабы жәуфул-лейл жәуфул-лейлил-ахир түннің ортасынан соңғы бөлігіндегі дұға деген. Яғни, түнде үшке бөлетін болсақ үшінші бөлігіндегі дұға осы уақытта жасалған дұға қабыл болуға және де жақын екен. Мысалы, қазір шам намазы сағат жетіде кіреді алтыдан елу бір нәрседе таң намазы үштен елу бір нәрсе кеткен кезде кіреді. Яғни, жеті мен төрттің арасы, демек, бізде түн ол қанша сағат ол тоғыз сағат енді тоғыз үшке беру жеңіл ғой, тоғызды үш сағат әуелгі үш сағаты түннің әуелгі бөлігі ортаңғы үш сағаты түннің ортаңғы бөлігі соңғы үш сағаты түннің соңғы бөлігі, демек, бұны сағат бойынша есептейтін болсақ түнгі бірден бастап ары қарата жасалған дұға екен құлшылық екен. Сондықтан, мен үнемі айтамын таң намазына әйтеуір тұратын болғаннан кейін кішкене, мысалы, ертерек тұруға болады сіз таң намазына жарты сағат бұрын тұрдыңыз уақыты кірмей тұрып бұл бір мүмкіндік жарты сағат бұрын тұрдыңыз дәретіңізді аласыз он минут уақыт кетеді арғы жақта жиырма минут уақыт бар ол жиырма минут қандай уақыт. Міне пайғамбарымыздың хадисінде айтқан дұға қабыл болатын уақыт. Мысалы, жазда ол қиын болуы мүмкін, бірақ қазір кетіп бара жатыр ғой, таң намаз ары кетіп бара жатыр дұрыс па? Құптан намаз бері келе жатыр қазір енді мүмкіндік барған сайын жеңілдей береді ол күн өткен сайын бізге қысқа жақындаған сайын сондай мүмкіндік жеңілдей береді. Мысалы, қыста бір кезде таң намаз сағат жетіде кіреді сол алты жарымда тұрыңыз да түннің соңғы бөлігінде дұға жасаған адамдардан болыңыз. Міне екінші дейді. Пайғамбарымызға хадисінде айтады бес уақыт намаздан кейінгі жасалған дұға екен дұға қабыл болатын сәт, демек, бізге күнде бес рет кездеседі деген сөз.