Қандай да бір бөлмеде намаз оқыған кезде біз сол намаз оқыған бөлмеде

👁 69 мың · ❤ 4,3 мың · 💬 158

Бұл мәселе жөнінде әйгілі имам, мулла Нұруддин Әли ибн Сұлтан, имам Ұбайдулла ибн Масғұдтың «ән-Нуқая» атты еңбегіне жазған «Фатху-Бәбил-Ғиная» атты түсіндірмесінде намаздың мәкруһтері жайлы айтып келіп былай дейді[1]: «Киімінде, сәжде орнында, асты мен артқы тарапынан басқа алды, оң жақ және сол жағында жануардың суреті болса мәкруһ. Егер (жануардың суреті) көзге көрінер-көрінбес өте кішкентай немесе басы жойылған болса мәкруһ емеc» Киімінде, сәжде орнында, асты мен артқы тарапынан басқа алды, оң жақ және сол жағында жануар суретінің мәкруһ болу себебі суретке табынушыларға ұқсастығынан, бұл арты мен астынан басқа жерді қамтиды. Жануардың суреті деп шектеп қойғаны киім мен сәжде орнында жансыз зат пен ағаштардың суреті болса мәкруһ болмайтынын білдіреді. «Жәмиғ» атты кітапта: «Егер сурет артқы жақ пен отыратын орында болса мәкруһ емес, өйткені осы екі орын оны (құрмет-теу емес) қорлауды білдіреді. Сол сияқты жастықтың суреті болса, егер жоғарыда ілініп тұрса мәкруһ, өйткені оны құрмет еткенмен тең, ал аяқ астында болса мәкруһ емес. Көзге көрінер-көрінбес өте кішкентай сурет, яғни, алыстан үңіліп қарамаса, былайша мүл-дем көрінбейді. Деректе Әбу Һұрайраның (р.а.) жүзігінде екі шыбынның суреті болғаны жайлы айтылады.

Видео мәтіні

Қандай да бір бөлмеде намаз оқыған кезде біз сол намаз оқыған бөлмеде жан иесінің суреті болатын болса ол адамның суреті болуы мүмкін, не болмаса жан жануарлардың суреті болуы мүмкін және сол сурет біздің дәл алдымызда болса, не болмаса намаз оқып тұрған кезде оң жағымызда, не болмаса сол жағымызда болатын болса онда сол бөлмеде біздің оқыған намазымыз мәкүрұқ болады. Яғни, ұнамсыз іс жасаған боламыз егер де ол сурет біздің астымызда болатын болса табанымыздың астында, не болмаса тура арт жағымызда тұратын болса онда оның намазға әсері жоқ екен. Ал енді алдымызда тұрған немесе оң жағымызда, не болмаса сол жағымызда тұрған суреттің бетін жауып қойып бір матамен немесе басқа бір нәрсемен оқитын болсақ онда біздің намазымызды мәкүр қылмайды. Алла тағала құлшылықтарымызды қабыл қылсын.

Автор: Жүсіп Шұғай