Қазіргі таңда әлеуметтік желіде құрбан шалуға ниет еткен адам құрбан күніне он

👁 32 мың · ❤ 1,8 мың · 💬 37

Зул-хижжа айы кіріп, құрбандық шалғанша шаш-тырнақты алмау мұстаһаб саналады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): مَن كانَ له ذِبْحٌ يَذْبَحُهُ فإذا أُهِلَّ هِلالُ ذِي الحِجَّةِ، فلا يَأْخُذَنَّ مِن شَعْرِهِ، ولا مِن أظْفارِهِ شيئًا حتَّى يُضَحِّيَ «Зул-Хижжаның алғашқы он күні кіріп, сендердің бірің құрбан шалуды қаласа, құрбандық шалғанға дейін шаш-тырнағын алмасын»[1]. Бұл хадистегі бұйрық рай уәжіпті емес, мұстаһабты білдіреді[2]. Мұндағы «шаш-тырнағын алмасын» дегеннің негізгі хикметі – тозақтан мойны азат болғанша денесінен еш нәрсе алынбай толық күйінде қалдыру немесе қажылыққа ихрам киген адамдарға ұқсауды білдіреді[3]. Сондықтан құрбандық шалуды ниет еткен адам шаш-тырнағын ала беруінің оқасы жоқ[4]. Себебі Айша анамыздан жеткен риуаятта ол былай дейді: كنت أفتل قلائد هدي رسول الله صلى الله عليه وسلم بيدي، ثم يبعث بها وما يمسك عن شيء، مما يمسك عنه المحرم، حتى ينحر هديه «Мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құрбандығына ілетін алқаны өз қолыммен дайындайтынмын. Алла елшісі оны (Меккеге) жіберіп құрбандығы шалынғанша ихрам киген адамдарға тыйым салынған нәрселерден тыйылмайтын»[5]. ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

Видео мәтіні

Қазіргі таңда әлеуметтік желіде құрбан шалуға ниет еткен адам құрбан күніне он күнге алған сәттен бастап шашын немесе тырнақтарын алуға болмайды деген хабарламалар таралуда бұл жөнінде ханафи мәзһабының белді кітабы бадайғос санай кітабында былай дейді. Біздің көзқарасымыз. Яғни, ханафи мазғабының көзқарасы бойынша құрбан шалуға ниет еткен адам осы күндері шашын, не болмаса тырнағын алуда ешқандай әбестік жоқ деп келтірген. Сондықтан, бұл күндері ханафи москваға бойынша шаш және тырнақ алуға рұқсат екен алла тағала қосушылықтарымыз қабыл болсын.

Автор: Жүсіп Шұғай