Қазіргі таңда онлайн неке құю деген мәселе пайда болды
👁 13 мың · ❤ 553 · 💬 12
Шариғи неке шарты жасалған кезде неке қидырушылар мен куәгерлер бір мәжілісте болуы тиіс. Бұл шарттар телефон, интернет немесе басқа заманауи байланыс құралдары арқылы қиылған некенің дұрыс еместігі туралы айтылған пәтуалардың дәлел ретінде басым екенін көрсетеді. Сондай-ақ қазіргі уақытта некені түрлі алдамшы әрекеттерде пайдалану жағдайларының туындамауына ешкім кепілдік бере алмайды.
Видео мәтіні
Қазіргі таңда онлайн неке құю деген мәселе пайда болды. Мысалы, жігіт қарағандыда отырады қыз алматы қаласында видео арқылы звондап телефон арқылы солай некелерін қияды бұл негізді рұқсат емес мәселе біздің ханафи мәзһабының фиқ кітаптарында және қазақстан мұсылмандар діни басқармасының ғұламалар кеңесінде бекітілген бәтуада қыз да жігіт те және куәгерлер де неке қидырған кезде бір жерде болу керек деп ашық жазылған. Сондықтан, онлайн неке дұрыс емес.