Құрандағы шипа аяттары
👁 84 мың · ❤ 5,8 мың · 💬 154
1. «Исра» сүресі, 82-аят ﴿وَنُنَزِّلُ مِنَ الْقُرْآنِ مَا هُوَ شِفَاءٌ وَرَحْمَةٌ لِّلْمُؤْمِنِينَ﴾ Уә нунәззилу минәл-Қур’әәни мә һуә шифәәун уә рахмәтун лил-мүъминин. «Біз Құраннан мүміндер үшін шипа әрі рақым болатын аяттарды түсіреміз.» ⠀ 2. «Тәубе» сүресі, 14-аят ﴿وَيَشْفِ صُدُورَ قَوْمٍ مُّؤْمِنِينَ﴾ ⠀ Уә йәшфи судуура қаумин мүъминин. «Құран мүмін қауымның көкіректеріне шипа береді.» 3. «Фуссилат» сүресі, 44-аят ﴿قُلْ هُوَ لِلَّذِينَ آمَنُوا هُدًى وَشِفَاءٌ﴾ Қул һууә лилләзиина әәмәнуу һудан уә шифәә’. ⠀ «Айт: Ол (Құран) иман келтіргендер үшін тура жол әрі шипа.» 4. «Нахл» сүресі, 69-аят ﴿يَخْرُجُ مِن بُطُونِهَا شَرَابٌ مُّخْتَلِفٌ أَلْوَانُهُ فِيهِ شِفَاءٌ لِّلنَّاسِ﴾ Яхружу мин бутууниһә шәрәәбун мухтәлифун әлуәәнуһу фииһи шифәәун лин-нәәс. ⠀ «Олардың (аралардың) қарнынан түрлі түсті сусын (бал) шығады. Онда адамдар үшін шипа бар.» ⠀ 5. «Шұғара» сүресі, 80-аят ⠀ ﴿وَإِذَا مَرِضْتُ فَهُوَ يَشْفِينِ﴾ ⠀ Уә изәә мәридту фәһууә йәшфиин. «Мен ауырсам, маған шипа беретін – Ол (Алла).» 6. «Юнус» сүресі, 57-аят ﴿وَشِفَاءٌ لِّمَا فِي الصُّدُورِ﴾ Уә шифәәун лимәә фис-судуур. ⠀ «(Құран) көкіректердегі дерттерге шипа.»
Видео мәтіні
Әйгілі ғалым әбулқасым әл күшайри былай дейді. Бір күні балам сырқаттанып ауырып қалды дейді. Сол балам ауырып қалған түні пайғамбарымыз менің түсіме кірді және қасиетті құран кәрімдегі шифа аяттарымен балама дем салуды ескертті дейді. Қасиетті құран кәрімдегі шипаяттары алтау екен біріншісі тәубе сүресінің он төртінші аятында екіншісі юнус сүресінің елу жетінші аятында үшіншісі исра сүресінің сексен екінші аятында төртіншісі нахіл сүресінің алпыс тоғызыншы алып едім алланың қалауымен балам жазылды дейді. Әрине сырқаттанып қалған жағдайда біз дәрігерге қаралу керекпіз. Солардың ақыл кеңесін тыңдау керекпіз. Және. Сонымен бірге осы аяттармен дем салатын болсақ тіпті де жақсы болады екен басымыз аман бауырымыз бүтін болсын.