Құрбан айт күндері құрбан шалу төмендегідей шарттар табылған адамға уәжіп
👁 21 мың · ❤ 1,2 мың · 💬 34
Құрбан шалу кімдерге уәжіп? Құрбан шалу белгілі бір адамға уәжіп болу үшін төмендегі шарттар керек. 1. Мұсылман болу 2. Құрбан айт уақытында жолаушы болмау 3. Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болу. Нисап мөлшері – 85 грамм алтын яки құнына тең келетін ақша ( Зекеттің бүгінгі нисап мөлшері 2 687 850 теңге) . Зекет ғибадаты сияқты құрбанның уәжіп болуы үшін нисап мөлшеріне жеткен малға бір жыл толу шарт емес. Құрбан шалған уақытта міндетті түрде ниет ету керек. Өйткені, малды ғибадат үшін соятыны сияқты, тек қана етін пайдалану үшін де союға болады.
Видео мәтіні
Құрбан айт күндері құрбан шалу төмендегідей шарттар табылған адамға уәжіп. Яғни, міндетті болады бірінші құрбан шалатын адам ол мұсылман болу керек екінші құрбан шалушы адам ақыл есі дұрыс және бәлигат жасына жеткен адам болуы керек келесі шарты құрбан шалушы адам осы құрбан күндері жолаушы. Яғни, сапарда болмауы керек өзінің елді мекенінен тоқсан шақырым жерден алыста сапарда жүрген адамдарға құрбан шалу міндет болмайды келесі бір шарты құрбан шалушы адамның өзінің негізгі қажеттіліктерінен тыс сексен бес грамм алтынның құны көлемінде қаражаты болу керек. Міне осы шарттар табылған адамға құрбан айт күндері құрбан шалу міндет. Яғни, уәжіп болады. Ал егер де бұл шарттар табылмаса, бірақ бір адам өзі ниеттеніп құрбан шалып жатса оған да шариғатымыз рұқсат етеді екен. Алла тағала құлшылықтарымызды шалатын құрбандарымызды қабылсын.