Құрбанға шалынған малдың етінің бір бөлігін өзін алып қалу екінші бөлігін асып

👁 27 мың · ❤ 1,5 мың · 💬 31

Құрбандыққа шалған малдың етін үшке бөлу керек. Бір бөлігін өз отбасына қалдырып, екінші бөлігін туған-туыстарға, ал үшінші бөлігін кедейлер мен мұқтаж жандарға таратып беру қажет. Құрбандыққа шалынған малдың етін осылай бөлу мандуб (мақұлданып, қошталатын іс) болып табылады. Бұл жөнінде келесі аятта былай айтылған: «Олар өздеріне тән пайдаларын көрсін. Сондай-ақ өздеріне берілген малдардан белгілі күндерде Алланың атын алсын. Одан өздерің де жеңдер және жоқ-жітікке де жегізіңдер (22:28). Сонымен қатар, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құрбандыққа шалынған малдың етін оның иесі де жеуіне және етті басқа адамдарға таратып беруіне түрткі болды. Басқа адамдарға таратылған еттің көлемі 1/3 бөлігінен кем болмағанда мандуб болып саналады. Дегенмен, егер құрбандық шалған адамның отбасы үлкен әрі өзі ауқатты болмаса, онда бұл жағдайда сойылған малдың етін толықтай өзіне қалдырғаны дұрыс болады, өйткені өз отбасының қажеттілігі мен мұқтаждығы басқа адамдардың мұқтаждығымен салыстырғанда маңызды болып табылады. Осы жағдайға көңіл бөле отырып, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тұрмысы төмен адам, бірінші кезекте, өз отбасының қамын ойлауы керек деген болатын.

Видео мәтіні

Құрбанға шалынған малдың етінің бір бөлігін өзін алып қалу екінші бөлігін асып көрші қолаңды туыс туғанды шақырып сол айттың мерекесін сезіндіріп дастарқан жаю ал үшінші бөлігін жетім жағдайы жоқ көпбалалы адамдарға таратып жіберу біздің дінімізде жақсы көрілген амал әрине бір адам қаласа сол құрбанға шалынған малдың етінің барлығын таратып жіберуіне болады егер өзіне қажеттілік туындап жазса барлығын алып қалуға да болады, бірақ ең абзалы осылай үшке бөлінгені дұрыс екен. Алла тағала құлшылықтарымыз қабылғысын.

Автор: Жүсіп Шұғай