Қыз баланың ұзатылып кеткен жері тоқсан шақырымнан алыс жер болатын болса енді
👁 37 мың · ❤ 1,8 мың · 💬 63
бір мұсылман өзінің туып-өскен жерінен кетіп басқа елді мекенге қоныстанса және сол жерге тұрақтауды ұйғарса, оның туып-өскен жері – «негізгі отан» статусын жоғалтады1. Олай болған жағдайда, алыстағы (ең кемі 90 шақырым) туып-өскен жеріне барғанада намазын қысқартып оқиды. Екі дүние сардары Мұхаммед пайғамбар (ғалейһиссәләм) және Оның ізбасарлары Сахаба-и КираМ Мекке қаласын тастап, Медине қаласына көшкендігі бәріне мәлім. Бұл оқиға тарихта «Ұлы Хижрет» атауымен белгілі. Біраз жылдар өткен соң Алланың қалауымен қасиетті Мекке қаласына еркін кіріп-шығу мүмкіндігіне қол жеткізді. Сонда, Медине қаласына қоныстанып, сол қадірлі мекенде тұрақтаған олар Мекке қаласына барған кездерінде төрт рәкағат намаздарды екі рәкағатқа қысқартып оқыған. Өйткені, Мекке олар үшін негізгі отан үкімінен шыққан еді. Ендеше, әйел адамның да тұрмысқа шыққаннан кейінгі негізгі отаны – ерінің үйі болмақ. Сол себепті, туып-өскен жеріне, яғни, ата-анасының үйіне 15 күннен аз уақытқа барған жағдайда (мысалы, бір аптаға), жолаушы ретінде төрт рәкағат парыз намаздарды екі рәкағатқа қысқартып оқиды (егер, ең кемі 90 шақырым қашықтықта болса). Ал, он бес күн не одан көп уақытқа барған жағдайда намаздарын қысқартпай толық оқиды.
Видео мәтіні
Қыз баланың ұзатылып кеткен жері тоқсан шақырымнан алыс жер болатын болса енді осы қыз бала өзінің төркініне ата анасының үйіне келген кезде он бес күннен аз қалуға келетін болса бұл кісі намазын төркінінде ата анасының үйінде болса да төрт әрекаттық парыз намаздарын қысқартып оқиды тек қана бұл жерде бір толық оқитын жағдай бар егер сол ауылдағы бір адамға ұйса немесе сол ауылдың мешітіне барып намаз оқитын болса имамға ұйып онда толық оқиды екінші бір көрініс бар бұл қыз бала өзінің төркініне келгенде он бес күннен көп қалуға келетін болса онда өзінің төркініне намаздарын толық оқиды екен барлық жағдайда да мынау келіп кететін жолында төртаракаттық парыз намаздарын қысқартады алла тағала құрықшылықтарымызды қабыл қылсын.