Рамазан айында ораза ұстап жүріп укол салдыру мәселесіне келетін болсақ біз уколдарды
👁 70 мың · ❤ 2,4 мың · 💬 67
Қазіргі заман ғалымдары укол арқылы салынатын дәрілерді ас-су сияқты денеге азық, қуат болатын және емделу үшін (денеге қуат, азық болмайтын) етіп, екіге бөліп қарастырады. Тері астына және бұлшық етке емделу үшін (денеге қуат, азық болмайтын) укол салса, ауыз ашылмайды. Бірақ көк тамырға укол салу (қан құюдан басқа) мәселесінде ғалымдардың көзқарастары бірдей емес. Көп ғалымдар тамырға салынатын укол денеге қуат, азық болмаса, ораза бұзылмайды дейді («Әл-муфассал фи әл-фиқһ әл-ханафи», 276). Осыған орай, емделу және аурудың алдын алу мақсатында денеге (тері астына, бұлшық етке, жамбасқа, көк тамырға) ине шаншып, ішке ас-судың орнын баспайтын пенициллин, инсулин, екпе, дененің белсенділігін арттыратын, ауырсынуды басатын, денені мұздататын, дене қызуын кемітетін дәрілер мен дәрумендерді қолдану оразаны бұзбайды. Сондықтан ораза тұтатын адам алдымен дәрігерден уколдың қандай дәрі екенін сұрап білуі керек. Алайда, ораза кезінде укол салу қатты қажет болмаса, оны ауыз ашқаннан кейін немесе рамазан айынан тыс күндерге қалдырған абзал.
Видео мәтіні
Рамазан айында ораза ұстап жүріп укол салдыру мәселесіне келетін болсақ біз уколдарды жалпы екі топқа бөліп қараймыз біріншісі бұлшық еттен салынатындар бұлардың барлығы қандай түрі болса да оразаны бұзбайды ал екіншісі көктамырдан салынатындар біз бұл топтағына да екі топқа бөліп қараймыз біріншісі кәдімгідей нәр беретін құрамында осындай заттар бар өкілдар болатын болса бұларды көктамырдан салған кезде оразаны бұзады ал екінші тобы құрамында ас су тамақ сияқты ешқандай нәр беретін заттар жоқ өкілдар бұларды көктамырдан салса да оразаны бұзбайды екен. Сондықтан, көктамырдан өкіл салдырған ақылшылықтарды алла тағала қосушылықтарымызды қабыл қылсын.