Рамазан айының әр күнінің таңында біз бірінші сірес ішеміз одан кейін ниет

👁 67 мың · ❤ 3,2 мың · 💬 65

Ауыз бекітер кезде оқылатын дұға: نَوَيْتُ أنْ أصُومَ صَوْمَ شَهْرٍ رَمَضَانَ مِنَ الْفَجْرِ إِلَى الْمَغْرِبِ خَالِصًا لِلَّهِ تَعَالَى Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә». Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім». Ауыз ашар дұғасы арабша: اللَّهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَ بِكَ آمَنْتُ وَ عَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ وَ على رِزْقِكَ اَفْطَرْتُ وَ صَوْمَ الْغَدِ مِنْ شَهْرِرَمَضانَ نَوَيْتُ فاغْفِرْ لِي ما قَدَّمْتُ وَ ما اَخَّرْتُ Ауыз ашар дұғасы қазақша оқылуы:«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мәә аххарту». Ауыз ашу дұғасы мағынасы: «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір». Қазақшасын ғанада айтуға болады

Видео мәтіні

Рамазан айының әр күнінің таңында біз бірінші сірес ішеміз одан кейін ниет етіп жақсылап отырып дұға жасап біз аузымызды бекітеміз ал ауызашар кезінде болса керісінше су ішіп құрма жемей тұрып біз ауызашар кезі жақындап қалған кезде жақсылап отырып дұға жасау керекпіз. Дұға қабыл болатын сәттердің бірі ауызашар уақыты кірген кезде құрмамен, не болмаса сумен аузымызды ашамыз. Яғни, ауызашар кезде бірінші дұға одан кейін барып аузымызды ашады екенбіз.

Автор: Жүсіп Шұғай