Сәждеде башпайдың жерге тиюі — парыз ба, уәжіп пе?
👁 34 мың · ❤ 2,5 мың · 💬 69
Намаз оқыған кезде біз жиі көріп қалатын қателіктердің бірі намазда сәжде жасап жатқанда осы екі аяқтың байшпайларының жерден көтеріліп кетуі бұл енді…
Видео мәтіні
Намаз оқыған кезде біз жиі көріп қалатын қателіктердің бірі намазда сәжде жасап жатқанда осы екі аяқтың байшпайларының жерден көтеріліп кетуі бұл енді көбінесе жаңадан намазға бастап жүрген адамдарда көп кездеседі бұл жөнінде біздің фиқһ кітаптарымызда үш түрлі көзқарас бар бірінші көзқараста осы екі аяқтың да башпайларының жерге тиіп тұруы бұл парыз деп айтады. Яғни, біреуі көтерілсе де екеуі көтерілсе де намаз бұзылып кетеді деген көзқарас екінші бір көзқарасты айтады осы екі аяқтың біреуі ғана жерге тиетін болса бір башпайы болсын жалпы башпайлардың ұшы ол парыз осы біреуінің жерге тиюі а екеуінің бірдей жерге тиюі ол уәжіп дейді. Былайша айтқан кезде бірінші көзқараста екеуі де тию керек болатын болса екінші көзқараста біреуі ғана парыз депті ал үшінші көзқараста бұл екі аяқтың да осы башпайларының жерге тиюі бұл парыз емес уәжіп деген көзқарасты ұстанады. Яғни, көтеріліп кеткен жағдайда намаз бұзылмайды, бірақ уәжіп орындалмағаны үшін мәкруһ болады енді біз намаз оқыған кезде барынша мынау парыз деген көзқарастар болғаны үшін бұл жерде аяқтарымыздың шын баспайларымызды жерден көтермей сәжде жасауға тырысу керекпіз. Ал егер де осы уақытқа дейін көтеріп жүрген болсақ жаңадан бастап жүрген кезде аяқтарымыздың көтеріліп кеткен сәттері болатын болса біз оны қайтадан оқуды қажет емес. Сондықтан, сәжде жасаған кезде осы мәселеге көңіл бөліңіздер барынша башпайларымызды башпайларыңызды жерден көтермей сәжде жасауға тырысыңыздар. Алла тағала құлшылықтарымызды қабыл қылсын.